Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
7-ТАРАУ 314 Gulf Coast Live Arts Edition шығарылымынан үзінді 7/23 2:00 – Жарнама тақтасы Эфирде Флориданың оңтүстік-батыс бөлігіндегі қоғамдық радио. Бұл Gulf Coast Live Arts Edition бағдарламасы. Санибелден шыққан жазушы, профессор Роберт Хиллиард жаңа кітап жаз- ды. Бұл кітаптағы басты сауал – Холиуд наразылықты суреттейтін фильмдерді қаншалықты жиі түсіреді? Сонымен қатар киноиндустрия даулы мәселелерді қашан шешеді және сол кинолардың қалың бұқараға әсері бар ма? Автордың айтуынша, кино көпшілікке әсер етпей қоймайды, «Холиуд сөйлейді: шынайы әлемнің мәселелеріне наразылық білдіруге батылы жеткен кинокартиналар» (Hollywood Speaks Out: Pictures that Dared to Protest Real World Issues ) атты кітабында реформаларды өзгертуге үлкен ықпал еткен бірқатар кино туралы кеңінен баяндайды. Бүгін осы тақырыпқа зер салатын боламыз. Сонымен қатар Марко Айлендтің тарихи қоғамы екі картинаға, яғни Пол Ар- сенат пен Жонатан Гриннің туындыларына дауыс берулеріңізді сұрайды. Қос картинаның біреуі Марко Айлендтің тарихы туралы мұражайдың сыртына граффити ретінде болашақта орнатылмақ. Ең әуелі, жаңалықтарға тоқталайық. 2:01 NPR Жаңалықтар шығарылымы 2:06:00 Демеуші/Батырма Бұл Gulf Coast Live Arts Edition бағдарламасы, сіздермен бірге Эми Тардиф. Санибел қаласының тұрғыны Роберт Хиллиардтың «Холиуд сөйлейді: Шынайы әлемнің мәселелеріне наразылық білдіруге батылы жеткен кинокартиналар» (Hollywood Speaks Out: Pictures that Dared to Protest Real World Issues) атты жаңа кітабы нәсілшілдік, соғыс, кедейшілік, антисемитизм және гомофобия секілді америкалық қоғамның әлеуметтік мәселелерімен күресуге бет алған режиссерлер, киногерлер мен актерлар туралы баяндайды. Бірақ бір кілти- паны сол, бұл фильмдер жоғарыда аталған мәселелер туындаған кезеңде си- рек түсірілді. Автор мұның неліктен осылай түсірілетіндігі туралы сауал қояды. Депрессия немесе соғыс туралы кинолар, бұл оқиғаларды көптеген жылдар- дан кейін көрген адамдар өміріне өзгерістер енгізуге ұмтылдыра ма немесе жақсы өмір сүруге талпындыра ма? Автордың айтуынша, соңғы уақытта бар- лығы өзгеруі мүмкін, себебі кинолар оқиғаның ізінше түсіріле бастады. Роберт Хиллиард бүгін студияға қонақ ретінде қатысады. Ол Федералдық байланыс комиссиясында қоғамдық хабар тарату бөлімінің бастығы қызме- тін атқарған. Бұған қоса ол медиа туралы көптеген кітаптың, сонымен қатар пьесалардың да авторы, бір пьесасына продюсер болғаным бар. Сондай-ақ Хиллиард бірқатар университеттерде сабақ берді, жаңа кітапта баяндалған мәселелер бойынша «Наразылықты суреттейтін кинокартиналар» (Pictures of Protest) курсынан дәріс оқыды. Бүгін студиямызға келгеніңізге көп рақмет! Біздің әңгімемізге қосылғыларыңыз келсе, 1-877-428-8255 нөмірі бойынша хабарласыңыздар, бұл – 1-877-GCU-TALK. Одан бөлек gulfcoastlive@wacu.org
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==