Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

313 Сұхбат және ток-шоу хабарлары 1. Ақпаратты мұқият іздеңіз; сұхбаттық бағдарлама авторының ең маңызды жұмысы – мәліметті құныға зерттеу. Талқыланатын тақырып жайында, мейлі, ол жанды не жансыз зат болсын, мүмкіндігінше, барлық қажетті ақпаратты жинаңыз. 2. Ықтимал жауаптарды шамалаңыз, осылайша тиісті «шымшыма» сұрақ- тарыңызды қоя аласыз. 3. Барлық фактілерді әсіресе сұхбат берушінің пікірлерін қайтара тексері- ңіз. Сұхбат беруші сұхбат алушының эфирде өзі туралы қате ақпарат бергенін байқаса, ал сұхбат алушы өз сөзін нақты мәліметпен дәлелдей алмаса, одан өткен ыңғайсыз жағдай жоқ. 4. Бағдарламаның стиліне сай келетін көшірме жазыңыз. Негізгі тәсіл қан- дай? Қонақтарға бас салып шабуылдау ма? Қонақтарды шағыстыру, әлде оларды мақтау ма? Егер соңғы нұсқасын қолдансаңыз, бұл әлдебіреуді көтермелеуді көздейтін бағдарламадай көрінбей ме? Ақпараттың, ой- пікірдің, әлде тұлғаның қайсысына көңіл бөлу керек? Комбинацияға ма? Қайсысының десі басым? Нақты сұхбатта діни бағдар болсын ба? Саяси бағдарды қайтеміз? Сексуалдық бағдар ше? 5. Өзіңіз іздестіріп жүрген ақпарат пен идеяларға күмән келтірмес үшін сұ- рақтарыңызды елеп-екшеп алыңыз. Жалпылама немесе ашықтан-ашық именбей қоятын сұрақтарыңыз болса, сұхбат берушінің сол тақырып тө- ңірегінде тосылмай жауап бере алатындығына көз жеткізіңіз. 6. Сұхбат беруші жауаптан жалтарғысы келген жағдайда, сұрақтарды түр- лі интерпретацияда түрлендіріп, сұхбат тізгінін жіті бақылауда ұстаңыз. Ақпаратты іздестіру жұмысы жеткілікті деңгейде орындалса, сұхбат бе- рушінің қандай сұрақтарға жауап беруге талпынатынын біліп отырасыз, сәйкесінше, қосымша сұрақтарды әзірлей аласыз. СҰХБАТ СЦЕНАРИЙІН ӘЗІРЛЕУ Дәл осы жерге дейін дайындықтың маңызы сөз етілді. Дайындық тек тақырып бойынша ақпарат іздеумен шектелмейді, сондай-ақ, мүмкіндігінше, сценарийді молынан дайындау ісін де қамтиды. Флоридадағы FM-станциясының басшысы және WGCU Public Media жаңалықтар бөлімінің директоры Эми Тардиф апта са- йын Gulf Coast Live Arts Edition атты ток-шоу сұхбатындағы бағдарламаны жүргі- зеді. Тардифтің сөзіне сенсек, бағдарлама жүргізушісі қанша жерден тәжірибелі болса да, үздіксіз ойлануға алаңдататын сәттер, ойды бұзатын аз-маз ақаулар, студияның сыртындағы шаң-шұң, басқа да факторлар кері әсерін тигізеді. Дереу сценарийге ілесіп кеткенше бағдарламаның шырқы бұзылып, қайдағы жоқ үзі- лістер мен түсініспеушілік орын алуы бек мүмкін. Төменде Тардиф бағдарлама- сының бір сценарийі ұсынылды. Әр тақырып пен тақырыпшаға арналған нақты уақыт пен кейін қойылатын көптеген сұрақтарға мән беріңіз – қонақ жауабының ұзақтығына байланысты ол сұрақтардың көбісі қолданылмауы да мүмкін, бірақ бұл шоудың тұралап қалмауына кепіл бола алады. Мән берсеңіз, талқылаудағы бірнеше фильмдердегі аудио үзінділердің қолданылуы хабарды түрлендіре түсе- ді әрі аудиторияның қалағанын тап басады.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==