Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
7-ТАРАУ 312 Жетесіз сұрақтан аулақ жүріңіз. Мұндай сұрақтың ойын-сауықтық құндылы- ғы бар шығар, дегенмен сұхбат алушы мен сұхбат берушіге сұхбаттың мақсаты не екенін көлегейлеп, әнгіменің шырқын бұзады. Сұхбат беруші мен сұхбат алушы арасындағы монолог емес, сұхбат екендігін естен шығармаңыз. Сұхбат алушы әңгіме кезінде көп сөйлеп, кейде тіпті сұхбат берушіге килігіп, жауабын аяқтауға мүмкіндік бермейтініне сан мәрте куә бо- лып, талай рет тыңдаған шығарсыз? Сұхбат алушыға комментарийлер емес, нақ- ты-нақты сұрақтар жазыңыз. Сұхбаттан тереңдікті іздеңіз. Бірақ кім, не, қайда, қашан және қалай болғанын талқылау жеткілікті емес, мұның неден шыққанын анықтауыңыз керек. Осы тәсіл бас-аяғы бүтін сұхбатқа ғана емес, жаңалықтардың сұхбатына да тән. Мысалы, бұрынғы президенттен оның әкімшілігінде болған Сауда министрлігіне қатысты жанжал туралы сұхбат алсаңыз, одан тек: «Министрлік қалайша бұл жанжалды көпке дейін жасырып келді?» – деп қана емес, сондай-ақ – «Неліктен Ақ үй осы мәселеге қатысты шаралар қолданбады?» – деп сұрағаныңыз жөн. Жалықтыратын немесе қайталанатын сұрақтар мен бесенеден белгілі жауап- тардан қашыңыз. Мысалы, «осы киноны түсіру карьераңыздағы ең қызықты тә- жірибе болғандығымен келісесіз бе?» секілді сұрақты қоймас үшін, сұхбаткер туралы жеткілікті ақпаратты анықтап алыңыз. Жоғарыдағы сұраққа берілер жауаптың сиқы мынадай болар: «Әрине, бұл киноны түсіру өз карьерамдағы көптен күткен тәжірибе еді». Басқаша айтқанда, сұхбат берушінің аузына сөзді салып бермеңіз, себебі сол сөздердің адасқан күшік секілді өзіңізге қайтып келуі әбден мүмкін. «Карьерлік тәжірибеңіздегі осы киноның түсірілімін қалай баға- лайсыз?» – деген секілді қызықты жауап алатындай сауалдар қойыңыз. Шамадан тыс қадағаланатын сұхбат аудиторияға жасанды әрі бір қайнауы кемдеу көрінеді. Кез келген сәтті шоудағыдай, шиеленістіретін немесе текетіресетін сұрақтар арқылы сұхбаттың шарықтау шегін қалыптауға тырысыңыз. Форматы немесе ба- ғыты маңызды емес, барлық сұхбатқа тән бірқатар құрылымдық үлгілер пайда- ланылады: 1. Сұхбаттың мақсатын айқындаңыз. 2. Қолданылатын сұхбат тәсілінің түрін айқындаңыз. 3. Сұхбат берушінің кім болатындығын анықтаңыз. 4. Белгілі бір сұхбат немесе жаңалық сюжетіне сұхбат берушінің ғұмыр жолы туралы ақпарат жинастырыңыз. 5. Декорацияны анықтаңыз: субъектінің үйі, студия, жаңа фильмнің тұсау кесері немесе марапаттау салтанаты, саяси жиналыс, некені бұзу жөнін- дегі сот. 6. Әрекет байланысын құрыңыз: дәйекті сұрақтар және шарықтата түсу ар- қылы аудиторияның назарын бұрып алып, қызығушылықты одан әрі арт- тыра түсіңіз. 7. Соңында қорытындылаңыз. Әдіс-тәсіл Сценарийдің соңғы нұсқасымен жұмыс істегенде ескерілуге тиіс кейбір ше- шуші пункттер:
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==