Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
311 Сұхбат және ток-шоу хабарлары c) Тууды бақылауы қалай? 5) Алдымен Бас штабта, кейіннен әлемнің басқа қиырында қабылданған шешімнің бір мысалын айтып берсеңіз? 6) Нақты аурулармен күресу жолында ДДСҰ-ның ең табысты жолы ретінде қандай шараны айта аласыз: безгек, тропикалық фрамбезия сияқты? a) Аурудың салдары? Экономикалық/жұмысқа жарамсыздық? 7) Хатшыңызбен телефонмен тілдескенде Латын Америкасына баратыныңызды айтып қалды. Бұл сапардың нақты мақсаты қандай? 8) Мемлекет ДДСҰ көмегін қалай алады? a) Шақыртылғандар? b) Қорды қаржыландыру жайы? 9) АҚШ-та дәрігерлер мен медбикелердің тапшылығын білеміз. Ал, жалпы, әлемдегі жағдайдың халі нешік? а) Қоғамдық денсаулық сақтау жастар үшін маңызды мансап санала ма, қалай ойлайсыз? Дәп қазір ше? Болашағы қалай? Дункан Макдональдтың келісімі бойынша пайдаланылады. Сұхбат құрылымы Сұхбат басында сұхбат берушінің кім екені нақты айқындалсын. Жаңадан кі- ріскен авторлар ең атақты не беймәлім тұлғаны аудитория мүшелері түгел таны- майтынын ұмытып кетіп жатады. Адамның есімі секілді анық нәрсе кейде көзден таса қалады. Сұхбат берушінің нақты мамандығы, лауазымы немесе талқылауды қажет ететін жетістігі болса, онымен сенімді қатынас (немесе репутация) орнату үшін тез осы мәліметтерді анықтап алыңыз. Ең әуелі, сұхбаттың мақсаты айқын болсын. Нені көздейді? Сұхбат кезінде, әсіресе аяқталғанша аудитория нені білуі қажет? Аудитория тұлғамен өткен қа- рабайыр сұхбатта қонақтың еңбек демалысында не істегендігінен басқа ештеңе білмеуі мүмкін. Ал сұхбат беруші киноның немесе роктың жұлдызы болса, ау- диторияның бірқаншасына соның өзі жетіп жатыр. Аудиторияның нені білгісі келетіндігін анықтап, сол бойынша жауаптар алу үшін сұрақтар дайындаңыз. Қиын әрі күрделі сұрақтармен бастау керек емес. Мұндайда сұхбат беруші тас қамал қорғануға мәжбүр болады, жалтарып әрі қарсыласады. Сұхбат берушінің тәжірибесі мен лауазымына қатысты, өткен-кеткенді қозғайтын жайлы сұрақтар- дан бастаған ләзім. Сұхбат сағызша созылмай тұрып, аудиторияға тұлға жайлы бұрын-соңды естіп-білмеген ақпарат беруді көздесеңіз, адам қызығушылығын түртетін сұрақтан бастауыңызға да болады. Танымал тұлғамен сұхбаттасқанда да, көпшілік алдындағы имиджінен гөрі, шынайы адами қалыбын көрсеткен жөн. Ал бірыңғай ақпараттық, жаңалық ұсынатын сұхбатта мұндай тәсіл қол емес. Әйтсе де осындай бағдарламада сұхбат алушы арагідік тұлғаның өзіне қа- тысты сұрақты қояды.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==