Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

7-ТАРАУ 310 Бүгін – Сан-Францискода Біріккен Ұлттар Ұйымы жарғыға қол қойған күн. Осы оқиға құрметіне орай, Нью-Йорктегі БҰҰ жанындағы Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы байланыс бөлімінің директоры, доктор Родольф Л. Куниді қонаққа шақырған едік. Доктор Куни Парижде дүниеге келіп, сонда білім алған. Ол өз мансабын халықаралық денсаулық сақтау саласынан бастап, Босқындардың халықаралық ұйымында денсаулық сақтау мәселелері бойынша директор қызметін атқарды. БҰҰ-дағы қазіргі қызметінде ол ДДСҰ – Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау ұйымының атынан Экономикалық және Қоғамдық кеңес отырысына, Бас Ассамблеяның комитетіне және БҰҰ-ның басқа да бөлімшелеріне қатысты. Бағдарламаның форматы сұхбат алушының жеке ұстанымы мен әдіс-айла- сына сай үнемі өзгеріп отырады, әсіресе өзі сұхбат алушы, өзі шоудың авторы әрі продюсері болса. Дункан Макдональд Нью-Йорктегі WQXR бағдарламасын- да осы үш рөлді қатар атқарып шықты. Көп ұзамай жазбаша түрдегі кіріспені, түйіндеуді және өткелдерді ысырып тастап, тек мазмұнға ерекше көңіл бөлді. Мұндағы құпияның сыры – әр негізгі сауалдың астында іліп алар әрі өткір сұрақ- тардың жеткілікті жинақталғанына сенімді болатын, сондықтан шолақ жауапқа, не тақырыптан ауытқып кетіп бұлтақтауға, не мәймөңкелетуге жол берген емес. Төменде оның 30-минуттық сұхбат хабарына қолданған сценарлық жобасының қысқаша мазмұндамасы берілді. 1) Доктор Куни, БҰҰ-ның 10 мамандандырылған мекемелерінің бірі ретінде ДДСҰ-ның нақты функциясы қандай? a) Бұл БҰҰ жарғысына нақты енген бе? b) Активті/пассивті мақсаты? c) БҰҰ аясындағы түрлі дағдарыс ДДСҰ-ға кеселін тигізе ме? Қаржылай әлде саяси? Өз денсаулығыңыз қалай? d) Ұзақ мерзімгежасақталған нақтыжоспарларыңыз барма, әлде сіз тек денсаулық сақтау саласына қатысты мәселелерге ғана жауап бересіз бе? Жер сілкінісі/Су тасқыны/ Эпидемия? 2) ДДСҰ жұмысының БҰҰ-ның басқа ұйымдарымен байланысы қандай? ЮНИСЕФ/ ХЕҰ/ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы/ ЮНЕСКО/ Халықаралық азаматтық авиация/ Халықаралық банк/ Қайта құру және дамыту/ Халықаралық валюта қоры/ Бүкіләлемдік пошталық/ Халықаралық байланыс/ Бүкіләлемдік метеорологиялық ұйым. 3) ДДСҰ-ның құрылу тарихы. a) Қалай басталды? Швейцарияда ма? b) Халықаралық ұйымдарға тән штаб-пәтері бар ма? 4) Африка, Қиыр Шығыс секілді дамушы елдермен салыстырғанда медицинасы дамыған Швеция елінде ДДСҰ жұмысы несімен ерекшеленеді? a) Діни немесе әлеуметтік табу бар ма? b) Балгерлер ше?

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==