Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

309 Сұхбат және ток-шоу хабарлары фермерлер һәм құрылысшылармен текетіресіп жүрген қоршаған ортаны қор- ғау белсенділері: «Біздің арамызда террористер өмір сүреді… », – дейді. Бұл қаншалықты шындыққа жанасады? Шынымен террорист деуге келе ме? Жаңа заңнаманың қисынына салсақ, суфражистердің (әйел теңдігін қорғаушы) өрескел қарсылықтары мен азаматтық құқық қозғалысына үзілді-кесілді ба- ғынбауын терроризмге балауға болар еді. Осы аптада бұл анықтама Калифор- ниядағы сот тексерісінен өтеді. Зымыран сынағына араласқаны үшін қылмыс- тық іске қатысты айып тағылған The Star Wars 17 , Гринпис белсенділері сот алдына шақыртылады – бұл «бұрын жарамды болғандардың» ескі ережелері істен шыққан елде, «төзуге болмайтындардың» жаңа атмосферасында болып жатқан оқиға. The Connection-ның келесі санында азаматтық бағынбаушы- лыққа түрткі болған экологиялық наразылық, «Патриоттық туралы» заң қозға- лады. Ең әуелі, жаңалықтарға кезек берейік. * * * Сөйлеп тұрған – Дик Гордон. Бұл The Connection бағдарламасы. Өзгеше ойлау Америкада қашаннан бар дәстүр: 1950 жылдардағы дәмха- на мен метро секілді Бостондағы шай салтанатын халық әлі күнге тойлайды. Мэйн-стриттегі марштар болсын, жаяужолға жайғасқан ереуілшілер болсын наразылықтың бәрі үнемі у-шумен өтеді. Наразылық тудыру – өзгерістерді та- лап етуге қашан да қажет қалыпты шаруа. Бірақ азаматтық бағынбаушылық- тың концепциясы 11 қыркүйектен кейін өзгертілді. «Патриоттық туралы» заң- ның пайда болуы, сөз бостандығы мен саяси әрекеттер үлкен қызығушылыққа ілінуі мүмкін... экологиялық қозғалысқа назар салыңыз. Тау шаңғы курорты өртеніп жатқанда «Киттерді дін аман сақтайық!» дейтін экотактиканың бам- перлік жапсырмалары асыра сілтеумен шықса – активизм мен экотерроризм арасындағы шекара шайылып кетеді. Ертең Гринпис белсенділері сот алдына барады, олар Америка Құрама Штаттарының зымыранға қарсы қорғаныс жү- йесіне наразылық танытқаны үшін алты жылға дейін бас бостандықтарынан айырылғалы тұр. Гринпис Американың жаңа соғыс уағында соттың әділ өт- пейтініне налитындарын айтып жеткізді... 11 қыркүйектен кейін «Connection» тыңдаушылары азаматтық бағынбаушылық, ормандарды құтқару, қаракүзен- дерді босату және эксперименттік егіннің көзін құрту мәселелері бойынша талқылауларын өзгерте ме? Қашаннан бері «өз ойыңды білдіру» тәртіпсіздік қатарына кіретін болған? Бізге 1-800-423-8255 телефоны бойынша хабар- ласыңыз, бұл – 1-800-423-TALK. Бүгін студияда менімен бірге – Вашингтон- да азаматтық істер бойынша әділеттілік жөніндегі серіктестіктің қорғаушысы және тең құрылтайшысы Мара Верхейден-Хиллиард, АҚШ тері өндірісі жөнін- дегі комиссиясының атқарушы директоры Тереза Платт және Гринпис ұлттық компаниясының директоры Андреа Дурбин бар... The Connection келісімі бойынша пайдаланылады, WBUR-FM, Бостон.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==