Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
7-ТАРАУ 306 Фотографиялық жадыңыз болмаса, барлығын дерлік есіңізде мұқият сақтаймын деу бекершілік. Ақпаратты электронды түрде немесе ескі репортерлік әдіс бо- йынша қойын дәптерге сақтап қойыңыз. Ток-шоу секілді бағдарламаның кез келген түріне, соның ішінде сұхбат үшін маңызды саналатын аудиторияны да зерттеуді ұмытып кетпеңіз. Аудитория сұх- бат беріп жатқан тұлға не тақырып туралы ақпаратпен қаншалықты таныс? Ау- диторияның тақырыпқа немесе сұхбат берушіге қандай қатысы бар? Берілетін жауаптарды жобамен шамалап алмағанша, сұхбаттың ақырғы бағыт-бағдары мен нақты сұрақтарды дайындай қоюыңыз екіталай. Формат Барлық сұхбатта дайындалған, дайындалмаған, импровизацияланғаны бол- сын, автор кемінде бағдарламаны бастап-аяқтайтын сценарийі, сұхбат беруші туралы кіріспе материал, сонымен қатар бағдарламаның әр бөліміне қойылатын сұрақтар мен ықтимал жауаптарды да қосады. Бағдарлама ұзақ немесе қысқа мерзімде жүргізілген жағдайда, оны аяқтау ретінің хронометражы түрлі болға- ны абзал. Әбден уақытқа жаттыққан сценарийге байланбайтын осындай икем қажет-ақ. Әр сұхбатқа негізделген бағдарламаның өзіндік ұйымдастыру тәсілі бар және автор сол белгілі форматты ұстана отырып, сценарий жазуға тиіс. Кейбір сұхбат шоулары кіріспемен, тақырып немесе шарттар туралы ескертпемен, кейде қо- нақты таныстырумен басталады. Ал басқасында аудитория назарын аудартып, тапжылтпай ұстап тұру үшін бірден сұхбаттан бастап кетіп, іле-шала стандарт- ты кіріспе материал ұсынылады. Төменде классикалық Face the Nation қоғамдық-саяси бағдарламасын жүргі- зудің екі түрлі қарапайым әрі түсінікті тәсілдерінен қысқаша үзінділер берілді. Мұнда қарапайым және түсінікті тәсілдер арқылы жоғарыда айтылған бағдарла- маны жүргізудің екі түрі бар. Ең алдымен, CBS Television -ға арналған сценарийде шоуды таныстырушы диктордың сөздері, кейіннен жарнама тақтасы мен сұхбат, оның ізінше стандартты түйіндейтін материал шықты. Келесі ұсынылған CBS Radio -сының сценарийінде сұхбат өрбігеннен кейін стандартты кіріспеден үзінді ұсынылды. Бұдан кейінгі сұхбатта стандартты түйіндеу әдісі пайдаланылады. CBS TELEVISION «Ұлт келбеті» (Face the Nation ) ХЕРМАН СҰРАҚТЫ ЖАУДЫРТАДЫ. СЕНАТОР __________-ДАН ЖАУАП БЕРЕДІ. (ДИКТОР: КАДРДАН ТЫС ДАУЫС) CBS NEWS ВАШИНГТОННАН... FACE THE NATION БАҒДАРЛАМАСЫН- ДА СЕНАТОР__________-МЕН АЯҚАСТЫ ӘРІ ДАЙЫНДЫҚСЫЗ СҰХБАТ. СЕНАТОР __________- ДАН CBS NEWS ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ КОРРЕСПОНДЕНТІ
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==