Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
305 Сұхбат және ток-шоу хабарлары қамқорлығына алуы, әрі оны баққан кезде жауапкершілікті сезінуі, бақытсыз некесі, діни нанымы, реинкарнацияға сенуі, медитация жасау тәжірибесі; ■ ■ аз уақытқа және ұзақ мерзімге жасаған мансаптық жоспары. Ақпарат Ақпарат іздестіру – тиімді дайындықтың кілті. Сұхбат беруші туралы (немесе алдын ала сұхбат жасалмайтын сценарий үшін, талқыланатын тақырып туралы) мейлінше мол ақпарат табыңыз. Сұхбат беруші не жазды немесе қандай дүниені жарыққа шығарды? Кітаптарда немесе музыка, кино, театр, өнер, би, бизнес, не- месе дау-дамай туралы журналдардағы мақалаларда қандай да бір өмірбаяндық материалдар бар шығар? Саясат қайраткерлері, кәсіпкерлер мен басқа да ма- мандық иелеріне қатысты да, дәл осындай іздестіру жұмыстарын жүргізу қажет. Who’s Whos – адамның өткен өмірі туралы ақпарат үшін жақсы дереккөз. Кейіп- кер туралы ақпаратты Google-дан іздеу және әлеуметтік желілердегі оның жаз- баларын тексеру арқылы әдетте көп ақпарат жинауға болады. Бірақ интернеттегі кейбір деректерге илана кетуге болмайды. Ақпарат дереккөздеріне интернет, кітапхана, сонымен қатар мұрағат, арна- ның анықтама бөлімі және газеттер кіреді. Сұхбат алушының (не қозғалатын та- қырыптың) үкіметке қатысы болса, қажетті құжаттар мемлекеттік мекемелер- де сақталуы мүмкін. Саясаткер ме, әлде саяси субъекті ме? Саяси ұйымдармен тілдесіңіз, қолдарында бар файлды көріп шығуға өтініш жасаңыз. Азаматтық белсенділік туралы ма, әлде қоршаған ортаның ластануы, халықтың дәулеті, ден- саулық сақтау, тұрғын үй және осыған ұқсас салалардағы қоғамдық мүдденің жай-жапсары айтыла ма? Азаматтық ассоциацияларға жүгініңіз. Дәрігер ме? Оқытушы ма? Қорғаушы ма? Сәулетші ме? Психолог па? Кәсіби ассоциациялар барлық саланы қамтиды. Селебрити тұлғалардың басым көпшілігі, соның ішінде саяси қайраткерлердің дербес парақшалары бар. Олар YouTube -те бар ма? Twitter - де ме? Linkedln -де ме? Сұхбат беруші жұмыс істейтін саланың немесе қозғайтын тақырып туралы білетін мамандармен тілдесуден тартынбаңыз. Дігерлеп қазбаласаңыз қонақты жыға танитын не болмаса аясы тар тақырыптың жілігін шағатын бір маманды табасыз. Дайындайтын сауалдар тиянақты әрі өткір шықсын десеңіз қонақ не та- қырып жайындағы дерекке әбден қанығып алыңыз. Өзіңіздің һәм өзгенің уақы- тын текке кетірмеңіз, басқа жерде жауабы берілген жауыр сұрақтың керегі жоқ. Сұхбат берушімен өтетін уақытты барынша тиімді пайдаланыңыз. Сұхбат, очерк, жаңалыққа қажетті мәліметті алғашқы дереккөз иелерінен алыңыз. Көбінесе қолдан-қолға өтіп, екшелген шынайы деректерді тауып алуға болады. Керісінше, бұрмаланған дерекке тап болуыңыз мүмкін. Ең әуелі, сұхбат берушіні жыға танитын немесе жақсы білетін, талқыланатын тақырыптан ха- бары бар немесе сол мәселенің майын ішкен адамдармен сөйлесіңіз. Тақырып куәгерлерімен тікелей араласқан және белсенді қатысқан адамдармен тілдесіңіз. Содан соң сұхбат берушіні, не болмаса қозғайтын тақырып жайын білетін адам- дармен әңгімелесіңіз. Дереккөздерді мұқият әрі жөн-жобасымен іріктеп, бар деректі тезге салып, ақпаратты шатаспай тапқаныңызға көз жеткізіңіз. Жеке пікірлерге абай болы- ңыз. Алдымен фактілерді, сосын тәпсірлеуді зерттеу қажет. Бұл екеуін шатас- тырып алмаңыз. Толық жауапты ала алмасаңыз, сұрақты қайталап қойыңыз.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==