Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

7-ТАРАУ 304 мақсатсыз сұрақтар бойынша жақсы сұхбат беруге дайын болмауы да мүмкін. Автор немесе сценарист/сұхбат алушы ретінде мұндай мүмкіндіктен бойды ау- лақ ұстаған жөн. Кейбір сұхбат алушылар қонақ болатын сарапшыларды тығы- рыққа тірейді не болмаса тәжікелесу арқылы өз эгосын тықпалайды. Кейде бұл амал өз жемісін береді, тіпті тақырып тасада қалып кетсе де шынайы қайшылық- қа толы бағдарлама жасауға жол ашады. Алайда қонақ аузынан сөзі түскен біреу болса, кейде тапқыр жауабы бола тұра күлкілі көрінсе, әңгіме-дүкен біржақты әрі қызықсыз көрінеді. Шоудың концепциясын бекітпес бұрын, қонақты жете та- нығаныңызға көз жеткізіңіз. Ұлттық, аймақтық және жергілікті телевизиядағы ток-шоулардың авторы, продюсер әрі жүргізуші Филлис Хейнс тыңғылықты «үй тапсырмасын» қолдай- тынын айтқан еді. Десе де сұхбат алушылардың әдістері әртүрлі. Барбара Уол- терске тән әңгімелесудің эмпатикалық әдісі, орташа сауаты бар көрермен сұрақ қоя алатын Опра Уинфриге тән энтузиастық әдістердің кілті дайындықта жатыр. Хейнс атап өтетін «қонақ туралы білу, қонақтың не жазғанын оқу, сұрақтарды дайындау арқылы танып-білу мен ден қоюдың биік деңгейі» жақсы сұхбаттың ажырамас бөлігі. Телевизия тарихында сұхбат алудан тасы өрге домалаған Барбара Уолтерс өз бағдарламаларында сұхбаттың барлық үш түрін: ой-пікір, ақпараттық және жеке сұхбаттарды араластырып жүргізді. Жуырда зейнетке шыққан ол, сұхбат берушілеріне араластырып сұрақ қоятынын, әңгімені тереңінен қозғағанда өзін сенімді әрі жайлы сезінетінін, осылайша бұған дейін айтылмаған ақпарат пен пікірлерді ортаға жайып салды. Оның саясат көшбасшыларымен жүргізген кей сұхбаттары әлемдік мәселелердің жүгін арқалайтын. Мұндай дәрежеге қалай жетті? Тапжылмай іздену мен дайындық арқылы. Енді ауыздана бастаған сұхбат алушылар мен авторлар кейде Барбара Уол- терс өз шоуын қатып қалған сценарийсіз жүргізеді дегенде, еш дайындықсыз шығады деп топшылайды. Негізінде, толық сценарийді талап ететін басқа да көптеген форматты бағдарлама әзірлейтін автормен салыстырғанда, Уолтерс өз қызметкерлерінен ақтарған мәліметтің толық есебін талап етеді, әрі сұрақтар- дың кеңейтілген тізімін жасау үшін қыруар жұмыс атқаратын. Уолтерстің клас- сикалық сұхбатының бірі – сахна және телевизия жұлдызы Кэрол Бернеттпен өтті. Уолтерс Бернеттің өмірі туралы хронологиялық фактілер және жеке өмірі, сонымен қатар кәсіби тәжірибесі мен наным-сенімі туралы түрлі дереккөздерден алынған цитаталарын қамтыған 38 беттік репортаж бойынша дайындалды. Уол- терс табылған деректерден жүзден аса бұлтартпайтын сауалдар тізімін жасады, сол сұрақтардың ішінен іріктелген санаулылары ғана көкейкесті сұхбатта пайда- ланылды. Бұл тізімге енген сауалдардың санаты: ■ ■ Бернеттің ғұмыр жолындағы басты-басты оқиғалардың жыл сайынғы хронологиясы; ■ ■ балалық шағы, отбасы, білімі және ұлты туралы сұрақтар топтамасы; ■ ■ ілгерідегі мансабы және ойын-сауық саласына келудегі ынта-жігері; ■ ■ оның шоу-бизнес пен медиадағы жетістіктері; ■ ■ оның жеке өмірі, соның ішінде тамақтану дағдысы, шылым шегуден бас тартатын вегетариандығы, артық салмақтан арылуы, ата-анасымен қарым-қатынасы, балалық шағы мен бой жеткен кезде өз-өзіне берген бағасы, кішкентай сіңлісін

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==