Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
303 Сұхбат және ток-шоу хабарлары Сұхбаттың бас-аяғы бүтін сценариймен немесе таза импровизациямен шық- қаны бірен-саран ғана. Жалпы, бастан-аяқ жазылған толық сценарий жасанды әрі бірсарынды дүниеге айналады, тек тәжірибесі мол сұхбат алушы мен тісқақ- қан сұхбат беруші үтір-нүктесіне дейін көрсетілген жолды бейне бір дайындық- сыз сұхбаттай алып шығады. Алайда дәл осылай шығатыны ілуде біреу ғана. Бір жағынан, мүлде дайындықсыз шыққан сұхбат – тәуекелге бел буатын шаруа, себебі сұхбат беруші тым сөзуар, ұялшақ не жасқаншақ не болмаса мылжың болар, сондайда сұхбат алушы тиісті сұрақтарды әзірлеу мен ұйымдастыруда қиындыққа тап болатыны бар. Сұхбат сценарийлерінің дені нобай түрінде жазылады. Ең әуелі, продюсер, сұхбат алушы және қаламгер сұрақтардың мақсаты мен формаларының жалпы сұлбасын құрайды. Олар ақпаратты жіті әрі кеңінен іздеу арқылы тиісті сұрақ- тарды даярлайды. Логикалық тәртіптегі мазмұнды сұрақтарды қоюға дайын болу үшін, сұхбат алушы да қиыннан қиыстырылған басты сауалдарға берілетін ықтимал жауаптарды шамалай білуі керек. Осы мақсатта алдын ала пысықтай- тын конференция немесе сұхбат жүргізілуі мүмкін. Сұхбат беруші қойылатын сұрақтар туралы кейде қысқа, кейде толық ақпарат алады. Сұхбат беруші жауап- тардың жалпы жүйесін нақтылайды. Сосын автор қоятын келесі және «шым- шыма» сұрақтарын құрастырады, сауалдарды логикалық және драмалық тәртіп- пен орын-орнына қояды. Сценарлық жобаның қысқаша мазмұндамасы немесе нобай парағында басты сауалдар тізіледі, сонымен қатар осы сұрақтар негізінде ықтимал жауаптар және қосымша сұрақтар жазылуы керек. Кей жағдайда сұхбат алушымен алдын ала сұхбаттасуға мүмкіндік болмай қалады, мұндайда автор ықтимал жауаптарды іштей болжап тұрса игі. Сұхбат беруші індете зерттелсе әрі тиянақты қаралса, екеуара диалогта түсіністік айқын байқалып тұрады. Кей кездері алдын ала сұхбаттаспаған қонақпен аз-кем пысық- тап алу үшін бағдарлама жазылмай тұрып, студияға ертерек келуге көндіруге болады. Мұндай жағдайда әзірленген материалды соңғы минутына дейін қарау үшін автор продюсермен бірге сұхбат алушымен етене жақын жұмыс істейді. Сұхбат алушы екеуіне бірдей: алдын ала келісілген сұхбатқа және шоу алдын- дағы кездесуге қатысуға ниет танытса, автордың тамаша сценарий құрастыруға мүмкіндігі молая түспек. Тыңғылықты дайындық – сәтті сценарий жазудың басты кілті. Қаламгер/зерт- теуші терең ізденуі қажет және сұхбат алушы қонақтың өткен өмірімен, ұста- нымдарымен және көзқарастарымен бір кісідей таныс болсын. Шала-шарпы да- йындалатын сұхбат алушылардың талайын көрдік. Түрме жүйесіндегі қайшы- лықтар жазылған Screw кітабының авторы Майкл Маклафлин радио мен телеви- зияда сан мәрте ток-шоу/сұхбаттарға қонақ ретінде қатысқан. Сұхбат алушысы кітапты түгел оқуға уақыты мен жігерін жұмсаған бағдарламалардың сапасында едәуір айырмашылық болатынын аңғарған: «Сұхбат алушы үй тапсырмасын орындап, кітапты зерттеп, ұрымтал сауалдар әзірлеп, сонымен қатар хабарды кі- тапқа арқау етіп, интеллектуалды пікірсайыспен іліп әкеткен шоулар әлдеқайда қызық, әрі тамаша». Осы мәтіннің авторы кейде тұрақты жазатын телавторымен бірге ток-шоулар- да не сұхбаттарда берілген тақырып бойынша сарапшы ретінде немесе өз кітап- тарын талқылауда тәжірибесі баршылық. Көп жағдайда сұхбат алушы немесе ток-шоу жүргізушісі немесе шоу сценарисі кітапты оқымайды, немесе атүсті тез- тез парақтап шығады, нәтижесінде кітаптың мақсаты мен мазмұнын ашпайтын қарабайыр не болмаса болмашы сұрақтар әзірленеді. Бағдарлама қонақтары ал- дын ала алынған сұхбатсыз тақырыпқа қатысты материал дайындайды немесе
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==