Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
7-ТАРАУ 302 натына жатады. Тіпті толығымен импровизацияға иек артқан «көше» сұхбатын- да да сұхбат алушының ықтимал жауаптар үшін құрастырған кіріспесі, негізгі және қосымша сұрақтары болуға тиіс. Бағдарламаны жазбастан бұрын алдын ала түсіріле ме, әлде тікелей эфирге шыға ма, оны нақты сұхбат берушіге ескер- тіп қойған дұрыс. Ақпараттық сұхбат Ақпараттық сұхбат, көбінесе қоғамдық қызметтің түрі ретінде қарастырыла- ды. Мұнда ақпарат бір саланың беймәлім немесе танымал тұлғаның ыңғайына қарай қойылады. Бұл сұхбаттың басты мақсаты ақпаратты жеткізу болғандық- тан, кей жағдайда толық сценарий әзірленеді. Сұхбат беруші нақты дерекке құ- рылған материал, себеп пен салдардың жігін ашатын ақпарат ұсынып, өзіндік жеке пайыммен біріктіруі мүмкін. Сценарий алдын ала жазылған болса, спи- кердің жеке тұлғасына мән берілуі керек. Ал егер сұхбат берушінің алып кетуі екіталай, яғни жымын білдірмей «оқуды» қатырмаса, бүге-шігесі дайын нобай әзірлеп, бағдарламаны алдын ала дайындамаған секілді түсірген дұрыс. Жеке сұхбат Бұл жеке тұлғаның мүддесіне бағытталған көркем сұхбат. Бағдарламаның форматы кейіпкердің тамырын басып көру, ұялту не көтермелеу арқылы бір ба- ғытқа икемделеді, әлде осының бәрін бір арнаға тоғыстырып, сипай қамшылауы да бек мүмкін. Тұлғамен сұхбат форматындағы қазіргі тәп-тәуір бағдарламалар, тұлғаның адами қатынасын анықтайды, жеке пайымы мен әрекеттерін ашады. Жеке сұхбатқа жарамды сұрақтарды дайындау үшін сұхбат беруші туралы бар ақпаратты жинаңыз. Сұрақтарыңызды екшеп алыңыз, сосын сұхбат берушімен алдын ала сөйлесіп, күрделі сұрақтарды қиыстыруды әрі логикалық тәртіпке келтіруді тиянақтап алыңыз. Сұхбатқа дайындық Телевизиялық немесе радиосұхбат – сұхбат алушы мен сұхбат беруші алдын ала дайындалған сценарий бойынша жүргізілуі мүмкін. Сценарий сұрақтар мен жауаптар нобайының төңірегінде әзірленуі мүмкін, бірақ қатысушы жол-жөне- кей өз жанынан сөздер қосады. Бұл толық дайындалмаған деген сөз не болмаса таза импровизация болуы да ықтимал. Мұндай сұхбаттың мысалы ретінде те- левизия журналисі Кати Куриктің 2008 жылы республикашылдар атынан вице- президент лауазымына ұсынылған Аляска губернаторы Сара Пэйлинмен тіке- лей эфирде болған жағдайды айтуға болады. Пэйлин негізгі саяси және мемле- кеттік стратегия туралы сауатының жоқтығынан, ақпаратпен қаруланбауынан, тәжірибесінің аздығынан тосырқайтын, оның сайлау кампаниясы сасқалақтап, келесі ретте дайындықсыз өтетін тікелей эфирдегі сұхбаттардан сырт айналып қашып жүрді. Бұл – медианың, керек десеңіз сұхбаттың яки ток-шоудың қуаты. Кейбір сыншылар Куриктің сол сұхбатына ерекше тоқталады, себебі сайлау ке- зінде Пэйлиннің халық алдында абыройдан жұрдай болуына, әрі партиясының жеңе алмауына әсер еткен бірден-бір себеп болды.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==