Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

301 Сұхбат және ток-шоу хабарлары жүргізбеудің басты себебі – ой-пікір алмасуды көздейді. Кейде қатысушылар дер кезінде суырып салып жауап қатады. Тағы бір себеп – қатысушы, сұхбат алушы не модератордың дені кәсіби мамандар болмағандықтан, жасанды әрі шиеленіс- кен қалыпта көрінбеу үшін дайын сценарийді жаттап алып немесе оқып тұра алмайды. Ал саяси кандидат жасайтын ресми мәлімдеме форматы, кіріспесі мен түйін сөзі бар, бас-аяғы бүтін дайындалады. Автор сценарийді, мейлінше, көбірек жазсын, мүмкіндігінше барлығы әңгі- мелесу ( talk – ток-шоу) форматында әзірленгені дұрыс. Дап-дайын материалмен діттеген мақсатқа жетуге мүмкіндік молынан туып тұрғанда, дайындалмаған сұ- рақ, күтпеген жауап яки орынсыз комментарийлер легімен тәуекелге барудың не қажеті бар? Бұрыннан өзіндік форматы қалыптасқан әрі тәжірибелі сұрақ қою- шылары мен модераторлары бар кейбір ток-шоулар тек нобай парағын қажет етуі мүмкін. Нобайда қай уақыт аралығы бағдарламаның өн бойындағы ретті- лік түгел көрсетіледі, егер белгілі болса барлық пункті соқырға таяқ ұстатқандай тап-тұйнақтай белгіленсін. Егжей-тегжейлі жазылған нобай парағы мүмкіндігінше нақты диалог пен әрекетті қамтиды, қосақ ішінде импровизациямен аудиторияға ұсынатын ко- ментарийлер де болады. Ток-шоудың импровизациялық табиғаты – сценарийі жазылмаған және дайындалмаған бағдарламаға тән қателіктерді, кібіртіктеуді, ақымақтық әрекеттерді және тағы да басқа «дерттерді» жатырқамайды. Жақсы қаламгер (сонымен бірге продюсер, режиссер және орындаушылар) барынша көп дайындық болғанын қалайды. Эфир шапшаң орындалатын кесте бойынша жүргізілетіндіктен, сценарлық жобаның қысқаша мазмұндамасы немесе нобай парағының соңғы нұсқасына бү- тін сценарийдей, соңғы секундына дейін иі қанған бағдарламаға қарағандай мән берілуі керек. Кейде режиссер өзіне керегін таңдау үшін түрлі хронометражда баламалы тоқтамдар (alternate endings) енгізеді. Бұл әсіресе тікелей эфирдегі бағ- дарламаны дер кезінде аяқтағанға жақсы. СҰХБАТ Сұхбат көп бағдарламада әсіресе жаңалықтар, деректі фильмдер, очерктер, корпоративтік, ағартушылық хабарларда және ойын-сауықтық ток-шоуларда қолданылады. Сұхбат алудың негізгі тәсілдері жоғарыдағы форматтың бәріне бірдей. Түрлері Сұхбаттың негізгі үш түрі бар: ой-пікір сұхбаты, ақпараттық сұхбат және жеке сұхбат. Осы сұхбат түрлерінің кез келгенінен бір-біріне тән элементтерді табуға болады. Ой-пікір сұхбаты Жеке адамның пайымына ден қоятын кез келген сұхбат, ой-пікір сұхбаты бола алады. Бұл сұхбаттардың басым көпшілігі танымал тұлғалармен, әдетте өз ісінің шеберлерімен жүргізілетіндіктен, мұндай сұхбат ақпараттық не жеке сұхбат са-

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==