Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
Сұхбат және ток-шоу хабарлары ТАРАУ 7 «Т ок-шоу» термині – жаңалық, деректі фильм, телехикая, музыкалық хабар, көркем фильм, ойын-шоулары, ағартушылық пен оқу бағдар- ламаларына не болмаса жарнамаға жатпайтын негізгі бағдарламалар түрлеріне қатысты қолданылады. Аталмыш терминге сұхбаттар, пікірсайыстар мен мәлімдемелер де кіреді. 1990 жылдары «ток-шоу» феномені радио мен теле- визия әлемін жаулап алды. Ток-шоу жүргізушілерінің дәурені музыкалық бағыт- ты ұстанбайтын радиостанцияларда жүрді, тіпті көптеген музыкалық радиолар рейтингті көздеп, эфирлік толқындарды телевизия «жаулайтын» кешкі және түнгі сағаттарға ток-шоуларды қойды. Сол заманның жүгін көтерген әрі десі ба- сым консервативті медиа жаңа ғасырда қаулаған ток-шоуларда эфирдің гүліне айналған Раш Лимбо секілді комментаторлар арқылы саяси консерватизмнің алапатын асырды. Ал либералды комментаторлар болмады емес болды, қазір де бар. Кейбір ток-шоу таза редакторлық комментарий, ал кейбірі сұхбат немесе пікірсайыс бағдарламасына жатады. The Colbert Report және The Daily Show секілді шоулар өз көзқарасын жеткізу үшін комедия мен сатираны қолданды. Мұнда қонақпен сұхбаттасады немесе бағдарламаның табиғатына қарай нақты мәселе- лерді талқылайтын пікірсайысқа қатыстырады. Кейбір формат қалың бұқараны пікірсайысқа қатыстыруға, кей жағдайда сұхбат беруші ретінде атсалысуға мүм- кіндік беретін телефон желісін іске қосады. Негізінде, мұндай саяси ток-шоулар радиодан беріледі, дегенмен телевизия мен интернетте де көрсетіле береді. Сонымен қатар саяси немесе әлеуметтік сфераға арагідік бет бұра бастаған ойын-сауық ток-шоулардың да асығы алшысынан түсіп жатты. Жей Лено мен Дэвид Леттерман осы саладағы сұхбат алудың шеберлері болатын. Опра Уин- фридің эфирдегі жетістігі тек идеялар мен ұстанымдарға ғана емес, сонымен қа- тар эмоциялық және физикалық (көбінде сексуалды) сезімдер мен тәжірибелер- ге негізделді. Нәтижесінде бұл үрдіс телевизия мен радиода осыған ұқсас көпте- ген шоулардың, басым көпшілігі сұхбаттан құралған шоулардың пайда болуына өз септігін тигізді. Кейбір ток-шоу таза редакторлық комментарий, ал кейбірі сұхбат немесе пі- кірсайыс бағдарламасына жатады. Сұхбат пен пікірсайыс шоуларын жобаның қысқаша мазмұндамасымен ( rundown ) немесе нобай парағымен-ақ ( routine sheet) алып шығуға болады. Мұндай форматты бағдарламаларды толық сценариймен 300
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==