Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

299 Очерк, деректі фильм және реалити бағдарлама ТАПСЫРМА 1. Тақырыптық радиоочеркті қалай жасау керектігін сипаттайтын қысқаша баяндау парағын әзірлеңіз. Айналаңызға және шығармашылық топтың жаны ашитын көкейкесті тақырып таңдаңыз. 2. Жүрекке жылы тиетін телевизиялық очерктің сахна сыртындағы көріністе- рі жайында сценарий әзірлеңіз. Бұл сценарий аудиторияны иландырсын, сондай-ақ ақпарат беруді көздеуі керек. Денсаулық саласын, әлеуметтік әл-ауқатты не болмаса әлдекімнің өмірбаянын арқау етіп көріңіз. 3. Негізгі деректі фильм түрлерінің бірін не комбинациясын негізге алып, телевизия немесе радиоға арнап деректі фильм сценарийін дайындаңыз. Күллі адамзаттың тіршілігі үшін зор маңызы бар қоршаған ортаңызда, сондай-ақ мемлекеттік деңгейде даулы тақырыпты алыңыз. 4. 3-жаттығуда қолданылмаған тәсіл бойынша деректі фильм сценарийін әзірлеңіз. Адам баласына айтарлықтай маңызды емес және анау айтқандай қызығушылық тудыра қоймайтын тақырып таңдаңыз. Солай бола тұра, деректі фильмдегі көзқарастың өз ортаңыздағы маңызын өзекті етіп жаза аласыз ба? 5. 60 Minutes бағдарламасына жарамды болуы мүмкін 15 минуттық сюжет- тің және тележурнал бағдарламасына арналған 7 минуттық сюжеттің но- байын әзірлеңіз. 6. Осы жаттығулардың бірін интернетке бейімдеңіз. 7. Өзіңіз сүйіп көретін реалити-шоудың бір эпизодына тритмент дайында- ңыз. 8. Жаңа реалити-шоуға тритмент әзірлеңіз. 9. YouTube немесе интернет кеңістігіндегі басқа алаңға арнап, бір не екі ми- нутты қамтитын очерк пен деректі фильм дайындаңыз. Фильмді дайын- дау үшін оқу орныңыздағы телестудия мамандарымен келісіп алыңыз. 10. Жоғарыда баяндалған жаттығулар бойынша жазылған бір сценарийге талдау жасаңыз. Ер мен әйелдің мәртебесі және көзқарасы тең қаралған ба? Қыз-келіншектер, нәсілдік немесе этникалық азшылық топтар субъ- ект ретінде қатыса ма, сол топтар туралы мәлімет объективті әрі шынайы түрде беріле ме?

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==