Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

6-ТАРАУ 298 АКТ ХРОНОМЕТРАЖЫ #1 АКТ 0:09:13 #2 АКТ 0:06:21 #3 АКТ 0:04:46 #4 АКТ 0:08:23 #5 АКТ 0:06:38 #6 АКТ 0:13:08 #7 АКТ 0:11:48 #8 АКТ 0:06:25 #9 АКТ 0:08:02 #10 АКТ 0:06:50 #11 АКТ 0:08:20 БАҒДАРЛАМАНЫҢ ЖАЛПЫ УАҚЫТЫ: 1:29:54 ЖАРНАМАНЫҢ ЖАЛПЫ УАҚЫТЫ: 0:32:06 РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ЖАЛПЫ УАҚЫТ: 2:02:00 УАҚЫТ АРАЛЫҒЫНДА: 0:00:00 BBC Worldwide Productions келісімі бойынша пайдаланылды. Реалити-шоулар шынайылықты ғана ұсына салмай, қандай да бір көзқарас ілестіре ала ма? Сөзсіз ілестіре алады. Әлбетте, кейбір көзқарастың ұсынылу форматы қарабайыр, пайданы көздеу әрі айтылғанды қайталау болуы мүмкін. Дегенмен арасында көркем және ағартушылық сипатты ұстанатындары да бар- шылық. MTV арнасынан таралған «Бәріне үлгеру» ( The Buried Life ) атты реалити- шоуында автофургонмен ел ішін аралаған төрт дос жасөспірімге тән мінез-құ- лық пен юмордың түр-түрін бейнелейді. Дегенмен сайран салып, ойын қуудан бөлек, олар жол-жөнекей жолыққан көмекке мұқтаж жандарға қолғабыс етеді. «T.I. – күнәдән арылар жол» ( T.I.’s Road to Redemption ) атты реалити-шоуы былығы басынан асатын рэпер балаларды қиын ситуациялардан аулақ жүруге үгіттейді. Осылар және, тағы бірнеше реалити-шоу жастарды бейсауат жүруге әрі азғын- дыққа итермелейтін реалити-шоуларға қарағанда, позитивті әлеуметтік хабар жолдайды. Реалити бағдарламалардың саны артып келеді. Өзіңіздің де, аудито- рияның да сыр пернесін дөп басатын, интеллектуалды әрі эмоциялы тұрғыда көңілден шығатын бір реалити-шоу дайындау қолыңыздан келер деп сенеміз.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==