Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
289 Очерк, деректі фильм және реалити бағдарлама Тағы бір ұрлықшы Бенни Ли Лоусон да секірді. РЭГЛЕНД: Жолымнан былай тұр, балам! КОББИ: Бұл маңнан өтуге рұқсат бар ма, атасы? БЕННИ: Әй, достым, иә, иә бұл Дарлиннің атасы ғой. Жөні түзу кісі, Кобби, жүре бер, ата. Уильям Рэгленд әлгі қарақшылардың қасынан өтеді. УОЛШТЫҢ КАДРДАН ТЫС МӘТІНІ №2 (01:00:55) 3 секундтық ӨТЕ ІРІ ПЛАН! [НЕМЕСЕ ТАБИҒИ ДЫБЫСТЫ АЛЫП ТАСТАУ] БЕННИ ЛОУСОН ДА «100-КЕННЕДИ» ТОБЫНА МҮШЕСІ БОЛҒАН. Олар қарияға жол беріп, ол жүріп өткенге дейін қарап тұрады. Детектив туралы эпизодты қосу. Энтони Бриджидини Кадр сыртында. ДЕТЕКТИВ ЭНТОНИ БРИДЖИДИНИ: Коббидің жауыз әрі арандатушы екенін бұрыннан білетінбіз. Оның басқалардың әл-ауқатына бас қатырмай, қам жемейтінін де білетін ек. Ол өз-өзіне және өз тобының мүшелеріне өз қолымен ор қазды. Бар болғаны–осы. Келесі кадрда жертөледегі пәтерде бас қосқан топ мүшелерінің диванда шылым шегіп, алкогольді сусынды ұрттап отырғандарын көрсету. Кобби автоматын оқтап отыр. Тапаншасын оқтап отырған топ мүшесін көрсету. *****дыбыстық ескертпе: «КОББИ МОВАТТ» СӨЗДЕРІНІҢ МОВАТТ РӨЛІН СОМДАҒАН АКТЕРДІҢ БЕЙНЕСІНЕ ҚОЙЫЛҒАНДЫҒЫНА КӨЗ ЖЕТКІЗІҢІЗ [01:01:14 МӨЛШЕРІНДЕ]. КЕЛЕСІ КАДРДАН ТЫС МӘТІН УОЛШТЫҢ КАДРДАН ТЫС МӘТІНІ №3 (01:01:12) 13 секунд Айнаның алдында автоматын ұстап тұрған Коббиді ірі планмен көрсету, ізінше диванның үстінде атысқа әзірленіп жатқан өзге де топ мүшелерін көрсету. 1990 ЖЫЛДЫҢ ҚЫРКҮЙЕГІНДЕ КОББИ МОВАТТ ЖӘНЕ ТОПТЫҢ БАСҚА ДА БІРНЕШЕ МҮШЕСІ ЖАҒА ЖЫРТЫСЫП ЖҮРГЕН БӘСЕКЕЛЕС БАСҚА ТОППЕН АТЫСЫП-ШАБЫСУДЫ ЖОСПАРЛАҒАН. АЛАЙДА ОЛАРДЫ НЫСАНАҒА КӨЗДЕП ЖҮРГЕН ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ, ОЛ ЖОСПАРДЫҢ АЛДЫН ОРАП КЕТТІ. Қолына тапанша ұстап алған Кобби полиция қызметкерлеріне қарап тұрғанын орташа ірі планмен көрсету /детективтің Коббиге тапанша кезеніп тұрғанын ірі планмен көрсету/ Кобби тапаншасын жерге қояды, екеуі бір-бірін жеп қоярдай қарап тұр. ДЕТЕКТИВ: Полиция, барлығың қолдарыңды көтеріңдер! Тапаншаны жерге қой, Кобби, тура қазір қой! © Twentieth Century Fox Film Corporation. Барлық құқықтар қорғалған. «Америкадағы қуғын» (America’s Most Wanted) – STF Productions, Inc. компаниясына тиесілі сауда белгісі.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==