Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
6-ТАРАУ 288 Кеннеди көшесінде бейсауат жүрген ұрлықшылар туралы сахна. Бұл Колумбия округіне қарасты Вашингтон қаласы [қылмыстық істер статистикасы]. Мұнда баукеспе бұзақыларды «барымташылар» деп атайды. Олардың зорлығынан зәрезап болған жергілікті тұрғындар есіктерін тарс құлыптап күн кешуде. Біздің бүгінгі ұсынатын бірінші репортажымыз, ең қауіпті саналатын барымташылар тобының біріне қатысты болмақ. ************************* Автобустардың панорамасы, сосын АҚШ Капитолий ғимараты, бір топ ұры көлік айдау үшін естері кетіп, есірткі сатумен айналысып жүр, қала берді, олар сүйек ойындарын ермек етіп, айналасымен ақша және кокаинмен алмасып жүр. *****ДЫБЫСТЫҚ ЕСКЕРТПЕ: №1 кадрдан тыс мәтінде: «Елорда» сөзін астана суретінің үстіне қойыңыз», – дейді).*** Нью-Йорктегі Бірінші көше мен Кеннеди көшесінің қиылысындағы көше атауы жазылған маңдайшаның суреті. УОЛШ КАДРДАН ТЫС МӘТІН №1 {01:00:22 мөлшерінде аяқтау} Кобби Моваттың сүйек ойынын ойнаған суреті. [Кез келген уақытта оқу] Азық-түлік көтерген Уильям Рэглендті көрсету, ол жаяужолға жайылып, жолды бөгет қып, сүйек ойынын ойнап отырған ұрылардан құралған топ мүшелерінің жанынан өтіп барады. ОЛАР ЕЛ АСТАНАСЫНЫҢ КӨЛЕҢКЕСІНДЕ ДЕГЕНДЕРІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРАДЫ ********дыбыстық ескертпе: №1 кадрдан тыс мәтінде «Бірінші және Кеннеди» сөздерін көшенің атауы жазылған маңдайшаның үстіне, ал «Кобби Моватт» сөзін Моватт бейнесінің үстіне қойылатындай етіп орналастырыңыз ******** УОЛШТЫҢ КАДРДАН ТЫС МӘТІНІ №1а (01:00:22) (19 СЕКУНД) БАРЫМТАШЫЛАР ОСЫ МАҢНЫҢ ТҮКПІР- ТҮКПІРІН ЕСІРТКІ САТАТЫН АЛАҢҒА АЙНАЛДЫРЫП АЛДЫ, ОҒАН ҚОСА ОСЫ ЖЕРДІ ҚЫЗҒЫШТАЙ ҚОРИДЫ. ОЛАР КӨШЕ ҚИЫЛЫСТАРЫН ӨЗДЕРІНШЕ АТАП, ОЛ ЖЕРДІ ДЕ МЕНШІКТЕП АЛҒАН. БҰЛ ҚАРАҚШЫЛАР ТОБЫ «БІРІНШІ», «КЕННЕДИ», «100-КЕННЕДИ» ДЕГЕН АТЫШУЛЫ АТПЕН ЕЛГЕ ТАНЫЛДЫ. ПОЛИЦИЯНЫҢ МӘЛІМДЕУІНШЕ, КОББИ МОВАТТ СОЛ ТОПТЫҢ ЕҢ ҚАТЫГЕЗ МҮШЕСІ БОЛҒАН. Кобби Моватт сүйек ойынының шеңберінен секіргенде, Рэглендке соқтығысып қалады. Табиғи дауыс: сүйек ойынындағы ойыншылардың комментарийлері
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==