Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

287 Очерк, деректі фильм және реалити бағдарлама Шэрон Стоун Мишельдің мектеп кезіндегі құрбысы және екеуі талай сәтті бірге кешкен. Шэронның әкесі де қинап, зорлауға итермелеген. Шэронның әкесі Плауф секілді қашып кеткен. Шэронның анасы да басы ауған жаққа кетіп, жан сауғалаған. Дегенмен іске «Америкадағы қуғын» бағдарламасы кіріскен соң, олар тұтқындалды. ***** реакция қосу «Құдайым-ай!» МИШЕЛЬДІҢ КАДР СЫРТЫНДАҒЫ ДАУЫСЫ. ШЭРОН АТА-АНАСЫНЫҢ ТҰТҚЫНДАЛУЫ ТУРАЛЫ РЕПОРТАЖ. «Есімде, Шэрон хабарласып: «Олар әке- шешемді ұстапты»,–деді. Мен сол бетте жерге құлап қалармын деп ойладым. Ақыры құладым». ШЭРОН СТОУН КАДР СЫРТЫНДА. «Ақырында, мен кешкен хикая өз соңына жетті және сол кезде барып менің бірдеңе істей алатындығымды түсінді». МИШЕЛЬ КАДРДАН ТЫС. «Егер құқық қорғау органдары Шэронның ауыр жүгін жеңілдетіп, көмектесе алса, маған да дәл солай көмек қолын созар деп өте қатты сендім». МИШЕЛЬ ПЛАУФ ЖАЙЛЫ КАДРДАН ТЫС МӘТІН. МИШЕЛЬ БАЛАЛАРЫМЕН АУЛАДА ОЙНАП ЖҮР. «Менен әкең сен үшін не істей алды деп сұрасаңыз, ол мені мықты әрі қатал жанға айналдырды. Әрі-беріден соң мен оның қалған өмірін жайбарақат кешуге мұрша бермеймін». АЯҚТАУ ҮШІН ӘН МЕН МУЗЫКАНЫ ҚАЙТАЛАУ. (Әнмен аяқтау...) ҚУҒЫНДА: Пол Плауф дүкенде жұмыс істеп, не болмаса әншілікпен күнелтіп жүруі мүмкін. Мынау оның 1986 жылы Вермонт штатына қарасты Берлингтон қаласында тұтқындалған сәтіндегі түр-әлпеті. Оны зорлау ісіне айыптап, Пистфилдке кері қайтарып, экстрадиция жасауға болатын еді, өкінішке қарай бостандыққа ерте шығып кетті. Кешқұрым Плауф пен гитарасын көзіңіз шалса, 1800 нөміріне CRIME TV -ге хабарласыңыз, өтінеміз! КОББИ МОВАТТ №7 ЖОБА (ДЫБЫСТАЛҒАН). * * * Кобби Моватт Кеннеди көшесінің атауы жазылған маңдайшаның панорамасы/ МУЗЫКА УОЛШТЫҢ КІРІСПЕ СӨЗІ:

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==