Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
1-ТАРАУ 26 ИНТЕРНЕТ АУДИТОРИЯСЫ Интернет аудиториясы басқа медиадан әлдеқайда өзгеше. Бір мезетте бір сайтты миллиондаған адамдар қараса да, интернет аудиториясы бір-бірімен ақ- парат алмасуда жеке-жеке адамдардан құралады. Интернеттің интерактивті қа- сиетінің арқасында аудиторияның әрбір мүшесі қалыс қалмай, коммуникация процесіне араласады. Ұсынылған материалды бақылаумен қатар, интернеттің икемді қасиеті бар. Теле-радио тұтынушыға қарағанда, интернет пайдаланушы- ның таңдау мүмкіндігі жетіп артылады. Жүздеген арнасы бар радио мен телеви- зия да таңдауға кенде емес, бірақ адам интернеттегі жүз мыңдаған дереккөздің ішінен керегін табады. Керек десеңіз, YouTube секілді таратушы сайтты игерген, жеке блог пен туит жазатын әрбір адам, қаласа бағдарлама дайындаушы бола алады. Ең маңыздысы, дәстүрлі медианы трансұлттық корпорациялар мен қа- рақан басын ойлайтын корпоративтік басшылар, яғни өз мүддесін ғана көксей- тін хабар дайындауға қызмет ететін гейткиперлер жіті бақылайды. Бұдан бөлек, кейбір үкіметтер интернет сервис провайдеріне ( ISPs ) егелік ету арқылы бағдар- ламаларды қолда ұстауды көздейді. Кез келген топ немесе жеке адам балама бағ- дарлама дайындағысы келсе, интернет ашық әрі тегін. (Осы айырмашылықтар 5-тарауда көрсетілген). Продюсерлер, режиссерлер және осы кітаптағы сценаристер үшін бұл нені білдіреді? Медиум не жазғанымызды аудиторияға тәпсірлейді... Киноға сцена- рий жазу қойылымға сценарий жазудан мүлде бөлек, дәл солай, радиоға сцена- рий жазу киноға не қойылымға сценарий жазу емес, ал телевизияға сценарий жазу мен радиоға сценарий жазудың жөні екі бөлек. Сценарийді белгілі бір ме- диумның эстетикалық және техникалық талаптарына сай жазамыз. Кино, видео және аудионы кең ауқымда таратудың көзі интернет болғанымен, Холиуд фильмдері мен телевизиялық хабарлардың, радио мен музыкалық ау- диоматериалдардың продюсерлері интернеттің талаптары мен қажетіне жарап тұр. Десе де олар интернетті көбіне-көп жай ғана таратушы медиум ретінде пай- даланады, дәстүрлі кино, телевизия немесе радиоға қарағанда, өздерінің өндірі- сі үшін мүлде басқа креативті орта екенін толық түйсінген жоқ. «Интерактив» терминін қаперіңізде ұстаңыз. Интерактив – интернет медиумына сценарий жазудың кілті. Мәселен, журналистер қауымы интернетке арналған сценарийді еш қатесіз әрі «екі шоқып, бір қарап», аса мұқият жазады. Әйтпесе қолда бар ақпаратты көрермен мен тыңдарман дереккөздерден қарап, електен өткізеді, материалдың әсері мен салыстыру шеберлігін пайдаланады. Сонымен қатар ин- тернеттің ақпараттық аудиториясы бір мезетте жаңалықтарға қатысты сан түрлі пікірлер мен жан-жақты талдауларға қол жеткізеді, ұлтшылдық, өз жерін ғана мақтау, саяси және экономикалық жарнамалар секілді біржақты ақпаратты айналып өтеді. Жай тілмен түсіндірсек, әдеттегідей видео, аудио және киноны таратуға қарағанда, аудиториядағы жеке тұлғалар интернеттегі бағдарламаны дайындауға белсенді, әрі интерактивті түрде атсалысады, өз бақылауында ұстай- ды. Әртүрлі форматтағы тарауларда автордың аудиторияның осы интерактивті еркіндігін қалай ұтымды пайдалана алатыны талқыланады. Қабылдаушыға яки аудиторияға шексіз интерактивті мүмкіндік берілгенімен, дүниені тудырып, жетесіне жеткізетін, көңіліне әсер ететін сценарий авторы өз материалын қадағалаудан жаңылмауы керек. Автор аудиторияның киберкеңіс- тікте жетексіз кетіп, беталды адасып, қандай да бір сезімге, пайымға не болмаса шешімге ұрынбауын қаласа игі. Автор қандай да бір дереккөзбен қабылдаушы-
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==