Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

25 Масс медиа ерік беруіне қақы бар. Некен-саяқ қолданылады. Әрине, бүгінгі радиода шынайы драматургиялық шығарма жоқтың қасы, бірақ қиял күн сайын сан мыңдап шығатын көшірмелерде там-тұмдап кездеседі. Жарнама беруші көбіндежарнама менеджеріне: «Көрінісі жоқ радионықолдана алмаймын», – дейді екен. Керісінше, радионың қуаты – осында. Дайын көрініс қиялға түк қалдырмайды, бірақ суреттеу тыңдаушының көкейіндегісін немесе көңіліндегі бейнелерді дәлме-дәл береді. Шын мәнінде, радио – қиял өнері. Мультитрек және цифрлық жазу секілді технологиялар құлақ төсейтін, яғни аурал медиумның әлеуетін одан әрі арттырды. Радио қаламгері тыңдарманның ақыл-парасатының тереңдігі мен қиял көкжиегінің кеңдігіне сай шектеледі. Стан Фребергтің топ жарып, марапат алған («Қиялдыкеңейту» Stretching the Imagination ) радиожарнамасы– жұп-жұмыр, айналасы тегіс келген сценарийдің жарқын мысалы». ЕР АДАМ: Радио ма? Жарнамамды не үшін радиоға беруім керек? Көріністен жұрдай... сурет атымен жоқ. ЖІГІТ: Тыңдаңыз, телевизияның қолынан келмейтін дүниені радио ғана суреттеп бере алады. ЕР АДАМ: Қайдам, мұның екіталай. ЖІГІТ: Иә, мейлі. Жарайды, мына қызықты қараңыз (жөткірінді). Елестетіп көріңіз, тартылған су орнына ыстық шоколадқа толған Мичиган көліне көк тіреген таудай, кілкіп тұрған кілегей құйылды. Сосын Корольдік Канаданың әскери ұшақтары көпіршіген кілегейге он тонна коктейль шиесін төкті, ғажайыпқа куә болған 25 мың адам есі шыға шапалақ ұрды. Жарайды... тауды елестетіңіз... ДЫБЫС: ТАУДЫҢ БАЛҚУЫ ЖӘНЕ СЫҚЫРЛАУЫ! ЖІГІТ: Әскери ұшақтарды елестетіңіз! ДЫБЫС: ҰШАҚТАРДЫҢ ШУЫЛЫ. ЖІГІТ: Коктейль шиесін елестетіңіз... SOUND: БОМБАНЫҢ ЖАРЫЛҒАНЫНДАЙ, ШИЕНІҢ КІЛЕГЕЙГЕ «ГҮРС» ЕТІП ТҮСУІ. ЖІГІТ: Сонымен, жиырма бес мың адамның дүр еткен шапалағы... ДЫБЫС: ҚАПТАҒАН АДАМНЫҢ АЙҚАЙ-ШУЫ. ДЫБЫС ҮДЕЙ ТҮСЕДІ, ӘРІ КҮРТ ҮЗІЛЕДІ! ЖІГІТ: Енді... осыны телевизияда жүзеге асырып көресіз бе, қалай? ЕР АДАМ: Ұқтым... ЖІГІТ: Кешіріп қоярсыз, енді көзіңіз жеткен шығар... радио – қиял көкжиегін кеңейтетін арнайы медиумның өте ерекше түрі. ЕР АДАМ: Сонда теледидар қиял көкжиегін кеңейтпей ме? ЖІГІТ: Дәл солай, 53 см-ге дейін ғана сәл-пәл кеңейтер. Ізгі ниетпен Freberg, Ltd.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==