Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
1-ТАРАУ 24 Телевизия шыққанша радионың негізгі өнімі драма болған заманда, қаламгер- лер Star Trek пен клондары және Star Wars секілді телевизияның сүйіктісіне айнал- ған ғылыми-фантастикалық фильмдердің негізін қалады. Қаламгер Ховард Кох пен режиссер Орсон Уэллстің War of the Worlds радиоқойылымы әлі күнге дейін өзінің көптеген арандатушылығымен күллі әлемге танымал. Америкадағы радио түгелдей музыка мен ток-шоудан құрылды. Жарнама мен эпизодтық сюжет- терді ескермегенде, коммерциялық радиода көркем жазу мен режиссура сырт қалды. Десе де тып-типыл жоғалған жоқ, аурал (құлақпен еститін) медиумның ерекшелігін зерттегісі келген жанға әлі де мүмкіндік бар. Радио аудиториясы сценарий авторы мен режиссердің естірткісі келген дү- ниені ғана сайрайды. Аудитория өз қиялындағы көріністерді «көреді». Басқа ме- диум авторына қарағанда, радио редакторы санадағы бейнені әсерлі етіп бере алады, себебі радиодағы қиял көзбен көргенмен шектелмейді. Радионың субъек- тивті қасиеті визуалды көрсетуге келмейтін не болмаса қымбатқа түсетін мекен- дер, кейіпкерлер мен оқиғаларды еш тартынбай жазуға мүмкіндік береді. Қаламгер тыңдарманды кейіпкердің не орындаушының дәл іргесіне не бол- маса қалаған қашықтыққа қоя алады. Дауыс қашықтығы және микрофонмен байланыс аудиторияның кейіпкерлерге және сахнаға көзқарасын анықтайды. Мәселен, аудитория екі адамның әңгімесін тыңдап тұрсын, қаламгер бірінші ке- йіпкерді микрофоннан алыстатса, тыңдарман өз қиялында екінші кейіпкермен қалып, бірінші кейіпкердің қашықтап бара жатқанын елестетеді. Әрине, әр тың- дарман өз қиялында бір дыбыс екпінін түрліше елестетер, өйткені әр адамның психологиясы немесе бастан кешкен өмірі әрқилы. Дегенмен жақсы қаламгер тыңдарманға эмоция мен реакцияны біркелкі жеткізу үшін жеткілікті дәрежеде ортақ элементтерді табады. Мысалы, бірде-бір телевизия шоуы дәл радиодағы War of the Worlds секілді бұрын-соңды болмаған жаппай шу шығарған жоқ. Көрініс құр өзі көрсетілмей, диалог әрі дыбыспен жетсе – құба-құп. Тігісін жатқызып жеткізгеннен дұрысы жоқ. Радио көңіл күйді аулау үшін кейіпкермен қарым-қатынас орнату үшін, бағдарлама қатысушылары туралы аз-кем ақпарат беру үшін, сахнаны сипаттау үшін, сонымен қатар көріністі түйіндеу үшін баян- дамашыға немесе дикторға жүгінеді тіпті тыңдарманның бағдарламаға, қатысу- шыға немесе орындаушыға деген көзқарасына пікір білдіреді. Кейде теледидар- да түгелдей тек визуалды түсіріліммен көрсетілетін декорация радиода диалог, музыка, дыбыс және үнсіздік арқылы берілуі керек. Мемлекеттік радиостанциялардағы кейбір бағдарламалар болмаса, радио- дағы драмалық көптеген жарнаманың негізгі элементі ретінде қойылымдардан ілуде біреу ғана қалды, біз медиумның эстетикалық әлеуетіне көз жұма қарадық. Кей-кейде радионың негізгі өнімін елемейміз, арагідік жарнаманың көркемдік қуаты керемет шығады, шынтуайтында, мини-драманың жүгін көтереді. Радиоға арнап жазылған жарнама сапасы мен телевизиялық жарнама ара- сында айырмашылықтың бары рас, саундтрек тек радиожарнамада қолданыла- ды. Еңбек жолын колледжде радиохабар жазумен бастап, Ұлттық радио хабар- ларын таратушылар қауымдастығының президенті қызметіне дейін көтерілген, сондай-ақ WGLD -дің және Солтүстік Каролинадағы басқа да станциялардың бұ- рынғы президенті Бернард Манн былай дейді: «Мені толғандыратын нәрсе – ой-қиялды дамытатын радиоға арнап жазылған сценарийдің аздығы. Радиодағы копирайтерлерге сабақ болсын деп, ескі радио-шоуды бағдарламалардың бір бөлігі ретінде қойдық. Сол кездері тыңдарман өз қиялына жүгінетін. «Баяғыжартас – солжартас». Радио медиумы бәз қалпында. Автор баяғыша тыңдарманның өз қиялына қайта
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==