Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

23 Масс медиа эфирдегідей түсіріледі. Бұл тұрғыда телевизия театрдың басты эстетикалық элементін пайдаланады. 152 см немесе одан да үлкен теледидар экранының өлшемі таңбалар саны мен параметр өлшемін шектейді (теледидарда үлкен масштабты фильмдердің қаншалықты нашар көрінетініне назар аударыңыз), сонымен қоса драмалық хабарларға шамалап уақыт береді (жарнаманы, басталуы мен аяқталуын қосып есептегенде, жарты сағаттық шоуға 21 минут, бір сағаттық шоуға 42 минут уақыт белгіленеді). Әсіресе кішкентай қол құрылғысымен көруге қолайлы. Телевизия киноның әрбір механикалық техникасын пайдаланады, көпқырлы әрі икемді етіп көріну үшін өзіне тән электронды техниканы қосады. Ең үздік шоулардың өзі әлі күнге шағын экранда және шектеулі уақытта көрсетіледі, бұл белгілі бір кейіпкерлердің ғұмырын шақтап (жұмырлап) беруге саяды. Телевизияның механикалық және электронды экспансиясының жағымсыз тұсы да бар. 1956 жылы редакциялауға болатын видеотаспалар пайда болғаннан кейін телевизия бірте-бірте табиғи қойылымды ысырып, алдын ала таспаға жа- зуға көшті және шоуларды түсірді. Осылайша Нью-Йорктегі тәжірибелі театр актерлері бар телевизияның өндіріс орталығы Холиудқа көшті. Көп ұзамай теле- визияда холиудтық әдіс-тәсілдің айдарынан жел есті. Кейбір сыншылар «телеви- зияның басым бөлігі кинокартина қорапшасына айналды» деген уәж айтты. Ал киносыншылар: «Холиудқа көшкен телевизияның әдіс-тәсілдері киноға кері әсер етіп, қысқартып, былжыратып және әлсіретіп жіберді», – деп санайды. Автор телевизияның визуалды қасиетін естен шығармасын. Визуалды эле- мент айтпақ ойды жеткізгенде диалог керек емес, көп жағдайда диалогтың басы артық болуы мүмкін. Фильм сценарийін жазу үшін жұмысқа алынған, көздің жауын алатын диалогымен танымал бродвейлік драматург туралы хикая бар. 30 беттік тритменттің (диалогсыз сценарий) бірінші актісінде ерлі-зайыпты жұп- тың демалыс уақытында қонақүйге келгенін, бөлмелеріне жайғасқанын жазды. Әзіл-қалжыңы аралас, отыз минуттық емен-жарқын әңгімеде күйеуінің өзге қыз- келіншектерге көз салатынына әйелі ренжиді. Кәнігі киногер тритментті шолып шығып, тәп-тәуір ситуация екен деп топшылайды. Алайда 30 беттік диалогтың орнына бір бетке жетер-жетпес визуал нұсқаулар жазды. Онда ерлі-зайыптылар қонақүйге кіреді, ресепшнде тіркеледі, лифтіге бет алады, еркек лифтіде құр тұрмай, оператор келіншекке құмарлана қарайды, ал лифт жабылғанда әйелінің бұлқан-талқан болып жақтырмаған кейпі анық көрінеді. Қарапайым ғана тест көптеген телевизия сценаристері өздеріне тән медиум- ның визуалды болмысын жете түсінбейтінін көрсетсе керек. Теледидарды қосы- ңыз, тек дауысын қалдырып, экрандағы көрініс жоғалғанша жарықты азайты- ңыз. Жарнамадан бастап драмаға дейінгі қанша бағдарлама бар екеніне мұқият назар салсаңыз, сонша видео көрсетілгеніне көз жеткізесіз. «Телевизия – жай ғана суреті бар радио», – дейтін кей сыншылардың сөзінің жаны бар-ау. РАДИО ЖӘНЕ БҰҚАРАЛЫҚ АУДИТОРИЯ Радио визуалды қалай ұсыну жөнінен шектелмейді. Автор аудитория сана- сында дыбыс эффектілері, музыка, диалог, тіпті үнсіздікті қосып көрініс туды- рады, сол көрініс тыңдарман қиялында ғана шектеледі. Радио қаламгерге мезгіл мен мекенге байланбайтын еркіндік береді. Локация мен қозғалысқа шектеу жоқ. Қаламгер физикалық әрекеттің шексіз түрін суреттейді, ғарыштағы галактика- ларды және ғасырлар тізбегін әп-сәтте музыкалық өткелмен-ақ шарлап шығады.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==