Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
1-ТАРАУ 22 Радио мен телевизиядан кейін шыққан кабельдік және спутниктік секілді технологиялар «жаңа медиа» аталып жүр, әрбірден соң таратушы жүйе десек болар. АҚШ-тағы бірнеше арналар мен фрагменттелген видеолардың аудито- риясына қарап, кабельдік телевизия секілді кең ауқымда бағдарлама ұсынуды санамағанда басқа бағдарламалар эстетикасының ескі медиадан еш айырмасы жоқ. Яғни бағдарлама арнайы немесе сан түрлі жазу әдістерін сирек талап ете- ді. Олар, негізінен, дәстүрлі телевизия немесе радиода шығатын хабарларды тек қана қосымша сервис арқылы таратады. Бірақ киберкеңістік ала-құла. Егер де қаламгер жаңа медиумның оң жамба- сына келетін сценарий жазғысы келсе, интернетке тән бірқатар арнайы техника- лық, эстетикалық және психологиялық параметрлерді түсінсе, әрі кәдесіне жа- ратса игі. Әу баста телевизия үшін бағдарлама дайындау маңызды болса, бүгінде интернет үшін де дәл солай. Мысалы, кино не деректі фильм, пьеса не кез келген радиобағдарламаға сценарий жазу үшін қолданылатын әдіс-тәсілдер телевизия- ның талаптары мен мүмкіндігіне сай бейімделуі керек. Бүгінгі интернетке жазу үшін де, сол принцип қолданылады. ТЕЛЕВИЗИЯ ЖӘНЕ БҰҚАРАЛЫҚ АУДИТОРИЯ Телевизия өз бойына театрдың табиғилық құндылығын, киноның механика- лық мүмкіндігін, радионың дыбысын, аудитория зейінін, сонымен бірге өзіне тән электронды қауқарын үйлестіреді. Телевизия өзінен бұрынғы коммуникация медиасына тән игіліктің бәрін өз кәдесіне жаратады. Телевизия аудиторияның бірін-бірі толықтыратын қос саласы субъектив- тілік пен объективтілікті біріктіреді. Автор мен режиссер камера, электрон- ды құрылғылармен аудиторияның ынта-ықыласын арнайы стимулдармен (stimuli) жетелей отырып, олардың назары мен эмоциясын субъективті зейінге бұра алады. Телевизия аудиториясы да спектакль аудиториясы секілді, қандай да бір көрсетілімнің барлық аспектілеріне түгелдей ден қоя (фокус) алмайды. Сценарийдегі қандай да бір объект не болмаса нақты сәттерді анық көрсету үшін телевизия аудиториясына ірі планда, зумда (жақындату), бөлінген экран- да, екінші камерада немесе басқару пультінде (микшер) қозғалту арқылы бері- леді. Аудитория назары астарлы реакцияға, сонымен бірге айқын әрекетке де бағытталуы мүмкін. Жаңалықтар шығарылымы және деректі фильмдер секілді сахналық емес хабарларға сенім ұялату үшін объективтіліктің орны бөлек. Объективті зейін жасау – көрермен көз алдына орындаушыны анық әрі қанық етіп әкелумен іске асады. Мысалы, акт залы немесе театр залы, керек десеңіз, тікелей эфирдегі перформанс, кинотеатрдан гөрі ірі планда не болмаса зум арқылы жақыннан түсіру. Иллюзияны мұрат еткен көп драмаға қарағанда, сахналық емес бағдарламадағы орындаушы (тележүргізуші, диктор, комментатор) аудиториямен иллюзиялық емес қарым-қатынасқа қолжеткізуді көздейді. Көптеген бағдарламадағышектеулі хронометраж, шағын экраннан көру, сонымен қатар төрүйде не жатын бөлмде тамашалау, кез келген жерде iPod -тан эффект салу кинотеатрда көрсетілген киноға қарағанда, өзгеше сценарий жазу әдістерін талап етеді. Алғашқы күннен бастап телевизияның барлық қойылымдары тікелей эфирде үздіксіз көрсетілсе, таспаға басылмаған телевизия түсірілімнің тоқтамауын қолдайды, себебі кино экранындағы эпизодтар кезек-кезегімен ауысып отырады. Бірнеше телевизиялық бағдарлама түсірілімде біршама үзілістермен тікелей
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==