Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
21 Масс медиа бармен салыстыруға келмес. Трансляциялық немесе кабельдік болсын кез келген форматтағы бағдарламаға сценарий жазу техникасында еш айырмашылық жоқ. Кейде медиум айтылатын ойға (мессежге) әсер етеді. Кітапта трансляциялық, кабельдік немесе спутниктік хабар таратуға сценарий жазудың арасы нақты бөлінбеген, бірақ демографика не болмаса басқа да ерекше- ліктер өзгеше форматты не техниканы талап етеді. Әйтсе де интернеттің жөні бө- лек. Дамуынан жаңылмаған интернет ХХІ ғасыр басында телевизия мен радиоға сәл-пәл икемделуден бастап (ескіше медианың ағымдық бағдарламалары негізгі аудитория санын арттырудың тура жолы болды) өзінің интерактивті мүмкіндігін ойын-сауық бағдарламаларының шығармашылық негізі етіп алды. Интернетті то- лық кәдеге жарату үшін түрлі әдіс-тәсіл мен техниканы қажет етеді. 2005 жылдары Time журналындағы бас мақала «Уақытыңызды TV-де емес компьютерде өткізесіз бе? Онда сізді TV өзі іздеп табады!» деген тақырыппен шықты. NBC -ден берілетін «Офис» ( The Office ) ситкомының қысқа эпизодтарын компьютерде отырған адам бос уақытында көреді. ESPN, Comedy Central, Discovery, MTV, HGTV және басқа да кабельдік арналар кең жолақты арналарды (broadband channels) іске асырды. NBC және CBS арналары тек реалити-шоуларды ғана онлайн көрсетуді күн тәртібіне қойды. CBS интернетке лайықталған бағдарламаларын ұсыну үшін, жарнамамен жан бағатын « innertube » онлайн арнасын ашты. Сонымен қатар CBS өзінің бір- неше телебағдарламасының эпизодтарын телевизия эфиріне шығарған соң, бір күннен кейін ғана интернеттен көрсетті. CBS Evening News -тің тырнақалды бағдар- ламасын интернетте толықтай тегін ұсынды. Fox TV -де хит болған American Idol реалити-шоуы интернетке шықты, тіпті интернет радиосы пайдалана бастады. Мәселен, Idol қатысушының орындауындағы музыкаларды бірнеше радио қол- данды. 2008–2010 жылдары онлайн бағдарлама дайындаушылар Cinemax, CNN, CNN International, College sports TV, E-online, Fox News Channel, GSN (ойын арнасы), HBO, TBS, TCM (классикалық фильмдер арнасы), WE (әйелдердің ойын-сауығы), TV Guide және Weather Channel арналарын қосты. ABC мен NBC өздерінің Dancing With the Stars шоуларын және Desperate Housewives секілді блокбастер бағдарла- маларын танымал Hulu видеосайтында көрсету үшін бірікті, бұл MySpace және AOL.com сияқты Hulu -дың серіктес сайттарында бағдарламаларды ұсынуға ұлас- ты. Интернетке кіру жылдамдығы жоғарылаған сайын түпнұсқасы 10 және 20 минут болатын шоулардың 2 минуттық клиптері ұзарып, толық көрсетуге көше бастады. Онлайн шоулардың түпнұсқасы Уебизод (Webisodes) деп аталады. Электронды медиаға сценарий жазудың қыр-сырын үйренушілер телевизия мен радиоға ден қояды, ал интернеттің күллі медиабағдарламаларды дайындау- дың әрі таратудың негізі екенін түсінгені жөн. Кейбір сыншылар: «Жаңа медиа ескі медианың орнын баса алмайды, бірақ радио мен телевизияның дамуына және жаңа модельдерге бейімделуге себеп болады», – дейді. Ал конвергенция- ның (екі немесе одан да көп медианың бірігуі) пікірі мүлде бөлек. Өндіріс техникасы қаламгерге оғаш көрінуі мүмкін. Алайда сценарий авторы (writer – қаламгер, жазушы) әр медиумның қандай қызмет атқаратынын біліп, тым құрыса өндірістің басты элементтерін түсінуі керек. Автор сөз саптағанда көз көріп, құлақ еститіндей етіп жаза білуі керек. Мысалы, телевизиялық фильмнің форматы студияда аудиторияның қатысуымен түсірілген тікелей эфирдегі шоу- дың форматына бір мысқал да ұқсамайды. Әр форматта әртүрлі эстетикалық, со- нымен қатар физикалық тәсілдер көрініс табады. Сан алуан құрал-жабдықтармен, техникалық құрылғылармен дайындалатын түрлі өндіріс техникалары бар. Қыл- қалам, кенеп пен бояуды жазбай танитын суретші іспетті қаламгер де өндіріс эле- менттерін жатқа білсін. Қаламгердің негізгі құралдары екінші тарауда жазылды.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==