Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
19 Масс медиа барларымен, жұлдыздарымен жас тұрмақ жасамыс ортаның (медиум) назарын аударды. Жекелеген радиостанциялар енді белгілі бір тыңдарман тобының көңі- лінен шығатын тартымды форматтарды дамытты. Монополиялық бақылаудың жойылуы мен шоғырландырудың артуы, жергілікті аудитория үшін дайында- латын хабарларды меншікті қосындармен бірге азайтты дегеніміз есте шығар. Әйтсе де, ең дұрысы, қаламгер нақты бір аудиторияға жағатын және солардың көксегенін табатын материал жазғаны жөн. Бағдарлама немесе станция үшін аудиторияның әлеуетті құрамы «демографи- ка» немесе «демос» деп аталады. Демографиканың негізгі көрсеткішіне жергілік- ті нарықтан бөлек, адамның жасы мен жынысы кіреді. Кейбір демографикалық зерттеулер адамның қызметіне, мамандығына, табысы мен біліміне ден қояды. Аудиторияның наным-сеніміне, қарым-қатынасына, мінез-құлқына сай саяси ұстанымы, діні, көрермен мен тыңдарманның қандай базар аралайтыны, қандай бренд алатыны «психографика» деп аталады. Бұл көпшіліктің қалауы мен қызы- ғушылығына сай икемдеп жазуды, одан басқа олардың сатып алуы мүмкін өнім мен сервис түрін айқындайды. Кейде радио аудиториясының демографикасы те- левизияға қарағанда, дәлме-дәл шығады. Себебі жан-жақты радиоларды есепке алмағанда, ток-шоулық, ақпараттық, спорттық, діни сияқты алуан түрлі фор- маттар бар. Әрбір радиостанция музыкалық форматқа және басқа да түрлеріне қызығушылық танытатын тыңдарман тобына бағыттап, хабар дайындауға тыры- сады. Радиостанциялар өз аудиториясының шама-шарқын, тіпті нақты қайда жүріп тыңдайтынын (үйде, жұмыста, көлікте, көшеде), сонымен қатар күндізгі я түнгі уақытқа бөледі. Кабельдік аудиторияға ыңғайлану оп-оңай, себебі кабель- дік арналар аясы тар ауқымды қамтиды. Ал кей браузерді қоспағанда, интернет аудиториясы әдеттегідей бір сайттың бас тақырыбына қызығушылық танытады. Интернет дүниежүзіндегі алуан түрлі аудиторияға таралады, сонда да кез келген өнім мен сервисті сатып алуы мүмкін демографикаға қол жеткізуге тырысады. Демографиканы пайдаланудың негізгі тұжырымдамасы мына мысалда көрсе- тілген: аудиторияның қызығушылығын тудыру үшін сол өнімнің ішіндегі ұрым- тал сөзді жарнамада қолданыңыз. Халқы тығыз орналасқан аймақтағы аудитория үшін жаңа Powerhouse Six – ав- токөліктің соңғы стилі. Оның жұмсақтығы және сырт көзге көрінетін ұзындығы, ішінің кеңдігі небәрі 220 cм екенін білдірмейді, шағындығы сондай – кіп-кішкен- тай автотұраққа сыйып кетеді. Қаланың іргесінде тұратын орта тап үшін жаңа Powerhouse Six – автокөліктің соңғы стилі. Оның ішінің кеңдігі сондай – алты бала-шаға, футбол командасы және мектеп пикнигіне арналған құралдар сыяды. Қала іргесінде тұратын бай-манаптар үшін жаңа Powerhouse Six – автокөліктің соңғы стилі. Ұзындығы, жұмсақтығы көліктің жоғары сапада шыққанын әйгілей- ді; ішкі, сыртқы жабдықталуына қарап, қос-қостап мінетін-ақ көлік. Ауылдық жердегі аудитория үшін жаңа Powerhouse Six – автокөліктің соңғы стилі. Көлік сыртының беріктігі және ішінің кеңдігі 51 шақырымға 4 литр жұм- сайтын қуатты моторына сайма-сай келеді. Сонымен, түсінікті болғаншығар. Аудиторияның жасы, жынысы, табысы, саяси ортасы, діни сенімі туралы басқа да ақпаратқа қанық болсаңыз, әсері көп контентті анықтай аласыз. Мысалы, 2008–2015 жылдардағы экономикалық дағдарыс кезін- де көптеген жарнамада «төмен бағаға» екпін түсірді. Бұл кітап та түрлі форматқа көшкен кезде, берілген сценарийді сан алуан демографикаға арнап жазуға машық- таныңыз. Демографиканың маңызды бөлігіне нақты нарықтағы нәсілдік және эт- никалық құрам кіреді. Радиостанция форматтары аудитория мүддесін көрсетеді.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==