Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

191 Жаңалықтар мен спорт бағдарламасы Электронды құралдар көмегімен ақпарат жинау (ENG) және цифрлық жазу жергілікті жаңалықтарды шапшаң жариялауға жағдай жасайды. Жергілікті жа- ңалықтардың табиғаты халыққа арналғандықтан, тым бейресми қалыпта бері- леді. Шағын станциялар миникамера мен видеофонның жылдамдығын, тіпті ұялы телефоннан алынған мол дереккөз арқылы даулы мәселелерге қатысты журналистік зерттеу нәтижелері мен сапалы визуалды эффектілерге толы мате- риалдарды көптеп әрі тез ұсынады. Шағын станциялар жұмыссыздық жөніндегі кеңсенің мақұлдауымен жаңалықты жергілікті аудиторияға оп-оңай бейімдей алады. Тіпті халықаралық, республикалық және аймақтық маңызы бар жаңа- лықтарға назар аударатын үлкен нарықтағы станция филиалы жаңалықты жер- гілікті аудиторияға лайықтайды. Ал газеттер, керісінше, бұл бейімдеуді сан жылдар бойы істеп келеді. Ай- мақтық басылымдарды қоспағанда (мысалы, New York Times, Washington Post, Los Angeles Times), газеттер жергілікті жаңалықтарға баса көңіл бөліп, түрлі баспа- сөз қызметтерінен үлкен көлемдегі мақалаларды жариялап жүр. Телевизия фи- лиалы толығырақ жаңалықты желіден алып, оны өзінің жергілікті шығарылым қатарына қосады. Кейбір елдердің газеттері (мысалы, Англия мен Австралия) аймақтарға арнайы тарату үшін жергілікті жаңалықтарды қосатын ұлттық басы- лымдармен осы тәсілді қайталауға тырысып көрді. Америка Құрама Штаттары- на және одан тыс елдерге таралатын USA Today басылымы да бұл тәсілді қолдан- ды. Metro – күллі әлем бойынша жергілікті жаңалықтар таратуда клондары бар шағын газет. Электронды медиа құралдары таралымының көбеюіне байланысты теле-ра- диодағы жаңалықтарды жариялау, бара-бара астаналық күнделікті газеттер жо- йылған соң, апталық газеттер мен журналдар секілді маманданған аудиторияға бағытталатын күйге жететін секілді. Франциялық тарихшы Жак Эллюль өзінің «Саяси иллюзия» ( The Political Illusion ) атты кітабында электронды медианың ақпаратқа назар аударып, ал оны талдауды көзге де ілмейтін тәсілдеріне алаң- даушылығын білдірді. Ол адам өткен қателіктеріне талдау жасауға және қазіргі қателіктерін сол талдау арқылы түсініп-тануға қабілетті бола алмаса, саяси де- мократияның құны көк тиын екенін атап өтті. Эллюль былай дейді: «Соңғы жа- ңалықтар режиссерлік сезімнің алдын мың орап кетеді, жадыны қолдануды қақ- пайлайды және өткен оқиғаларды жаңалықтар ағымынан көрсете берген сайын, олардың үнемі бұрмалануына әкеліп соғады». Жаңалықтар бағдарламасы тікелей эфирдегі жаңалықтарды жеке коммента- рий немесе талдаумен шатастырудан абай болуы қажет. Кейбір комментатор- лар ақпаратты ұсыну сипатында өңдеу жасайды. Репортаждарды бұрмалау не репортаждың бір қырына ғана мән беру, оны комментарий етіп жіберуі әбден мүмкін. Аяқсыз қалған мәлімдемелер және суреттеуші сөздерді шектен тыс қолдану да осыған әкеліп тіреуі мүмкін. Мәселен, жұмыссыздыққа қатысты де- ректерді алсақ: «Американың тағы жарты миллионнан астам жұмысшысы осы айда өз отбасыларын асырауға құлықсыз болып отыр. Олар барлық штатта тұрып жатқан, өткен айда жұмыссыз көше кезіп жүрген басқа он үш миллион америкалықтың қатарына қосылады. Еңбек министрлігінің ұсынған статистикасында, жұмыссыздық деңгейінің қазан айынан қарашаға дейін үш пайызға өскенін көрсетіп тұр».

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==