Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
5-ТАРАУ 190 ВИДЕО АУДИО Гарриет Пробинг қала орталығындағы Ривер стритте орналасқан Жұмыссыздық бойынша өтемақы төлеу жөніндегі кеңсеге барып, сюжет жасап келді. Гарриет: Гарриет: ТАСПАДАҒЫ ДЫБЫС: 25 секунд Дегенмен өз ісін жетік білетін автор, мәтінді одан әрі өрбітіп әкетер еді: «Еңбек министрлігінің ұсынған соңғы деректеріне сүйенсек, осы және өткен айда тағы төрт жүз мың адам жұмыссыз отыр. Құрама Штаттардағы жұмыссыздық деңгейі тоғыз бүтін оннан бес пайыздан, тоғыз бүтін оннан сегіз пайызға өскен – бұл он үш миллион сегіз жүз мың америкалық «жұмыссыз қол қусырып отыр» деген сөз». Жергілікті аудиторияға бүйрегі бұрып тұрған автор мұны былайша жеткізуі мүмкін: «АҚШ Еңбек министрлігінің бүгінгі жариялаған деректері бойынша төрт жүз мыңнан астам қала тұрғыны жұмыс қарастырып жүр. Жұмыссыздықтың ел ішіндегі деңгейі қазан айындағы тоғыз бүтін оннан бес пайыздан қараша айында тоғыз бүтін оннан сегіз пайызға өскен уақытта, қала орталығындағы жұмыссыздық көрсеткіші тоғыз бүтін оннан алты пайыздан он бүтін оннан алты пайызға секіріп кетті. Нәтижесінде жиырма төрт мың адамның нәпақа табуға жай-күйі жоқ. Мемлекет мәселесі...» Тәуелсіз телевизиялық станция жергілікті ақпаратқа ден қояды, себебі бәсе- келестің аймақтық филиалында желілік сигнал мен сапалы ресурс бар. Тәуелсіз станциялар жергілікті ақпаратты жария етуде қарсыластарының филиалдары қолданған тәсілдерден өзгеше жаңа бірдеңе ойластыра ала ма? Станция филиа- лы әзірлейтін жарты сағаттық жаңалықтар шығарылымы жергілікті жаңалық- тарға бірер минут қана арнауы мүмкін. Телевизия арқылы таратылатын жарты сағаттық жаңалықтар бағдарламасының өзекті хард жаңалықтарды таратуға небәрі сегіз не тоғыз минуты бар екенін есте сақтаңыз. Уақыттың қалған бөлігі спорт, ауа райы болжамы, очеркке және жарнамаға бөлінеді. Мемлекеттік және халықаралық маңызы бар жаңалықтарға аз уақыт бөлетін жергілікті тәуелсіз станция жұмыссыздық статистикаларына қатысты жаңалық- тарды филиал-станциямен тең таратуы мүмкін, алайда олар мынаны қосуы ық- тимал:
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==