Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
189 Жаңалықтар мен спорт бағдарламасы Тәсіл Әр станция мен ақпараттық бағдарлама бір-біріне ұқсамайтын стильде жа- ңалықтар таратуға тырысады. Белгілі бір нарықта таратылатын жаңалықтар легі бірдей болуы әбден мүмкін. Алайда рейтинг үшін талас радиостанцияға тиімді аудитория тарту үшін, басқа бәсекелестерінен әлдеқайда айрықша көрінетін тә- сілді табуды талап етеді. Сонымен қатар кез келген бұқаралық ақпарат құралында және кез келген нарықта жаңалықтар жазу және ұсынуға ортақ негізгі тәсілдер баршылық. Бұл тәсілдер аудиторияға өтімді және жоғары сапалы (үміттеміз) жаңалықтар шы- ғарылымын жасауға қажетті-ақ. Өз ісін өте жақсы білетін автор, бұл екеуін бірге үйлестіруге тырысады. Сіздің станцияңыз бен бағдарламаңыз нені мақсат тұтады? Қандай аудито- рияны жаулап алуға тырысады? Жаңалықтар ұсынудағы тәсіл жалпы станция желісіне сәйкес келе ме? Шығарылым мазмұны, негізінен, хард жаңалықтарға арналған ба? Әлде софт жаңалықтар ма? Очерк пе? Жергілікті оқиғаларға ден қоя ма? Өзге станциялармен бәсекелестікке түсуде контент пен форматтан гөрі, жүргізушіні алға тартасыз ба? Хабар таратудың кез келген басқа форматы секілді, жаңалықтар бағдарлама- сына да аудиторияның демографикасы маңызды. Жаңалықтар мазмұнының түр- лері мен оларды ұсыну деңгейі мақсатты көрермен мен тыңдарманға түсінікті болып, көңілдерін аулауы қажет. Хабар эфирге шығатын уақытты нақтылап алы- ңыз. Аудитория түскі тамақ ішу үшін дастарқан басына жайғаса ма? Әлде қонақ бөлмеде отыру жанға жайлы шығар? Бәлкім, жұмысқа асығып-үсігіп жетем деп берекесі қашып жүре ме? Мүмкін, кофеханада компьютерде отырар? Аудиториямен бейресми және достық қарым-қатынас орнатқыңыз келеді де- лік. Адамды өршелендіре түсетін не болмаса шалқасынан түсіретін оқиғалардан бастамайтыныңыз анық. Аудитория назарын бірден-ақ жаулап алғыңыз келе ме? Аудитория үшін жекелей маңызы бар тақырыптан бастап көріңіз, әрі мұны дра- малық терминдермен көркемдегеніңіз дұрыс. Мәселен, Колумбия округі Вашингтон бойынша өткен ай ішінде жұмыссыз- дық деңгейі 9,5 пайыздан 9,8 пайызға көтерілгені туралы жаңалық бар делік. Жай ғана статистиканы берсеңіз жарайтын еді: ВИДЕО АУДИО МЭРИ: КАМЕРАДА. Студияда сіздермен бірге – Жо Рожерс және мен – Мэри Кэйн. КАДРДАН ТЫС ДАУЫС. Нью-Йорк қаласы Делавэрден Нью-Гэмпширге дейінгі жолдар мен әуежайлар жабылып қалды. Нью-Йорк қаласында көліктер қарға көміліп қалған. Көшеде тірі жан байқалмайды. Еңбек министрлігінің бүгін Колумбия округі Вашингтонда жариялаған баяндамасында – жұмыссыздық деңгейінің қазан айындағы үштен бір пайыздан, қараша айында тоғыз бүтін оннан бестен тоғыз бүтін оннан сегіз пайызға өскені баяндалды.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==