Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
1-ТАРАУ 18 қа бағдарлама дайындағанда ешкімнің көңіліне келмейтін хабарларға иек арта бастады. Көбінесе видео дайындаушылардың діттегені ешкімге тіл тигізбейтін материалды ұсыну сияқты көрінеді. Ең танымал ситком, экшн, полиция мен ау- рухана хабарлары, реалити-шоу, сұхбат бағдарламалары сияқты коммерциялық желі шоулары – осы формуланы ұстанады. Пікірлерді ортаға салатын немесе дау- лы материалдарды ұсынуға дайын хабарлар жоқтың қасы. Дегенмен бұл ережеге бағынбайтын жағдайлар да кездеседі. «Бостон заңгерлері» ( Boston Legal ) драмалық телехикаясының сценарийі қарсылық ретінде үнемі даулы әлеуметтік және саяси мәселені қозғайды. «60 минут» ( 60 мinutes ) бағдарламасы кейде маңызды мәселе- лерді талқылайды. Бұл бағдарлама даулы мәселелерді жеңіл жеткізуге тырысады. Оның алғашқы жетістігі «Деректер кестесі» ( Dateline ), «48 сағат» ( 48 Hours ) және 20/20 секілді шоулардың таралуына себеп болды. Олар кейде басты оқиғаларды және маңызды мәселелерді талқыға салады. Дегенмен көп жағдайда олардың мазмұны дау тудырмайды, адамзаттың мүддесін негізге алумен шектеледі. Дау- лы мәселелер, егжей-тегжейлі қозғалатын жаңалықтар мен деректі хабарлардың ғұмыры ұзаққа созылмайды. Сирек жағдайда «Күнделікті шоу» ( The Daily Show ) және «Колбер репортажы» ( The Colbert Report ) сияқты сатиралық комедиялар дау- лы тақырыптарға өзі цензура жасайды, сондықтан өміршең келеді. PBS пен NPR -дің кейбір жаңалықтары, ішкі саясат бағдарламалары әлі күнге қасаң стереотиптермен алысып әлек. Бірақ биліктің қоғамдық хабар таратуды жан-жақтан қыспаққа алуы, ақыр аяғы, үкіметтің саясатын сипай қамшылауға ғана ерік беруі «сауысқаннан сақ» хабарларды туындатты. Қазіргі таңда балама- лы хабарлардан бөлек, интернеттен өз орнын тапқан, масс медиадағы дау-да- майы көп бағдарлама ток-шоу болып тұр. Алайда масс медиа көбінесе саяси консерваторларға тиесілі болғанымен (қосақ арасында газет пен журнал да бар), телевизия, кабельдік желі, радио ток-шоулары кей ережелерге пысқырмайды. Рейчел Маддоу мен Эд Шульцтің MSNBC хабары эфирдің гүлі болған Раш Лим- боу, Шон Ханнити және Билл О’Рейли секілді тұлғалар қалыпты оңшылдан ра- дикалды оңшылға құбылтады. Баламалы жаңалықтар сайты, блогері, туитшісі, қадағалаушысы (gatekeepers) бар интернет дәстүрлі медиаға қарағанда, сан алуан ақпарат пен пікірлер ұсынады. Әйтсе де дәстүрінен жаңылмаған әрі консервативті саясатынан айнымаған ме- дианың ескілікті қағидалары әлсін-әлсін бұзылуда. Жартылай жалаңаштану, бы- лапыт сөз, ашық көрсетілген жыныстық қатынас секілді тіршіліктегі түрлі өмір салты XXI ғасыр хабарын әйгілеп тұр. Эфирде әдепсіз материалдарға тыйым са- лынғанымен, ұятсыз және анайы материалдар, ересектерге арналған эвфемисти- калық түрдегі хабарларға белгілі бір жағдайларда рұқсат етіледі. «Хабар тарату- шы медиум өнімінің сөзінде немесе материалдың өн бойында сексуалды, анайы көріністер немесе суреттеу кездессе безбенге салу үшін» әдепке жат бағдарлама- ның бар-жоғын Федералдық коммуникация комиссиясы (FCC) анықтайды. Сон- дықтан медиа авторы өзі қызмет ететін ұйымдағы заңгермен кеңессін, сонымен қатар жазылған дүниенің мұртын бұзбай, тұтас беруге күш салсын. Кейде те- левизияның жоғары рейтингіне бола қасақана салынатын графика, көрерменнің психологиялық сезімі мен шамына тиетін зорлықтың маңызды түріне жатады. ДЕМОГРАФИКА 1950 жылдары радио желісінің алдын телевизия орағытқанда, жұмысты тоқ- татпау үшін аймақтық аудиторияға иек артты, себебі телевизия қызықты ха-
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==