Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

5-ТАРАУ 186 Радиосценарий Алынатыны, таспаланатыны немесе өзге де дыбыстық дереккөздері бар ра- диосценарий әдетте бірбағанды формада әзірленеді. Төменде ұсынылған сцена- рийлердің біріншісі – Бостондағы WBCN-FM радиостанциясының жарты сағат- тық жаңалықтар шығарылымының үзіндісі. Екінші сценарий Массачусетс штаты Бостон қаласындағы жергілікті радио- станциядан алынған үзінді. Аталмыш радионың өзіне тиесілі жаңалық жинай- тын сервисі жоқ, алайда ақпарат агенттіктерінің материалдарын бейімдеп, бұл станция жергілікті маңызы бар жаңалықтармен қатар республикалық және ха- лықаралық ақпаратты ұсынады. Радиосценарийлердің мәтіні екі жоларалық интервалмен жазылуы керек екендігін есіңізден шығармаңыз. Мұнда тек орын үнемдеу мақсатында бір жол- аралық интервалмен ұсынылды. ДИКТОР: Жоғарғы сотта жаңа мерзім басталмақ... Судьялар түсік жасату мәселесіне назар аударуын жалғастырады деп күтілуде. Қайырлы таң. Сот алдында қаралған абортқа қатысты үш іс бар... Екеуі ата-анасының келісімі немесе құлағдар етілуі бойынша жасату, үшіншісі – дәрігерлер клиникасы және түсік жасатумен айна- лысатын клиникалардың кәдімгі аурухана секілді жабдықталуын талап ететін Иллинойс штатының заңнамасы мен ережелері бойынша жа- сату. Федералдық аппеляциялық сот бұл заңнаманы конститутцияға қарсы деп таныды. ТАСПА: (Трайб. Жанартаудың атқылауы). ДИКТОР: Гарвард университетінің профессоры Лоуренс Трайбтың айтуын- ша, сот алдында жеке өмірге қол сұқпау құқығы және өлу құқығына қатысты басқа мәселер қарастырылады... ТАСПА: (Трайб. Штаттар). ДИКТОР: Судьялар Канзас-Сити, Миссури, Йонкерс және Нью-Йорктегі ха- лықты нәсілі бойынша бөлектеуді жою туралы маңызды жайттарды естиді. Бұл жайында Кэрол Уильямс әзірлеген хабарламада. ТАСПА: (Уильямс) ДИКТОР: Жетінші қараша – сайлау күні. Кэмбридж бен Бруклинде сайлау бюллетеньдерін шығару бақылауға алынатын болады. Патрик Мюррей екі хабарламаның біреуін әзірледі. ТАСПА: (Мюррей) WBCN-FM Radio келісімі бойынша пайдаланылды, Бостон.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==