Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
5-ТАРАУ 184 Телевизиялық шолу Телевизиядан таратылатын жаңалықтар бағдарламасы да осыған ұқсас не- гізгі формат тәсілін ұстанады, тек мұнда радиоға қарағанда толығырақ сипатта шығады. Телевизиядан таратылатын жаңалықтар бағдарламаларындағы шолу – барлық оқиғаларды және олардың дереккөздерімен тізбектеу. Бұл әдетте сцена- рийді ұйымдастыру және жазу үшін қолайлы. Арнадағы жаңалықтар шығары- лымында бірнеше шолу жасалады. Бұл шолу бозала таңнан кеш батқанға дейінгі аралықты қамтиды. Жергілікті радиостанцияда өзекті сценарий жазылғанға де- йін бір ғана шолу болуы мүмкін. Эфирге жіберілетін сценарий жазу – ұзақ, қауырт әрі үнемі күрделі процестің тек соңғы кезеңі. Мәселен, CBS Evening News бағдарламасының ұжымы лездеме мен даму бойынша жиынды ерте бастайды. Мұндағы алғашқы қадам – таңертең ерте шоуда таратылатын CBS Program Log шолуы. Мұнда таңертеңгі, түскі және кешкі жаңалықтар шығарылымында, тіпті алдыңғы күні басқа желіге шыққан жаңалықтар бағдарламасында қолданылған фильм бөліктері көрсетіледі. Екінші қадам – таңғы 6 немесе 7 шамасында жазылып, кейіннен 8:30-да тара- тылатын CBS News Insights парақшасы. Мұнда қай журналиске қандай тапсырма берілгендігі және бір күн ішінде қандай тапсырмаларды зерттеу керектігі қам- тылады. Сонымен қатар мұнда жергілікті және шетелден хабар тарататын жур- налистер арасында «Кім қайда жүр?» шолуы аудитория назарына ұсынылады, осылайша ұжымның кез келген мүшесі аудиторияға барын береді. Үшінші қадам – сағат 11 шамасында таратылатын «Кім не істеп жүр?» шолуы. Мұнда продюсерлердің көмекшілері мен тілшілердің қайда, не істеп жүргенді- гінен хабар беріледі. Төртінші қадам – сағат 11:15-те шығатын «Таңертеңгі желі» шолуы. Мұнда маңызды сюжеттер туралы мол ақпарат және оларды жария етуге міндеттелген журналистер жайында сөз болады. Бесінші қадам – түскі сағат 12:30 немесе 1 шамасында шығатын «Алдын ала жаңалық кестесі» шолуы, мұнда осы бағдарламада қолданылады деп күтілетін репортаждар тізімі шығады. Алтыншы қадам – түскі сағат 3:30-да болатын техникалық сипаттағы «Жаңа- лық кестесі» шолуы. Мұнда қорытынды жаңалықта шығатын репортаж, олар- дың реттілігі мен берілетін уақыты ұсынылады. Жетінші қадам – кешкі 5 шамасында болатын «Өңдемелі жаңалық кестесі». Бұл шолуда әр репортаждың қай жерде түсірілгені жайында толық ақпарат бе- ріледі. Шолуға дейінгі уақытты «Жаңалық кестесін қайта қарау» шолуы пайда- ланады. Бұл шолуды кез келген өзгеріс орын алған уақытта пайдаланған тиімді. Соңғы шұғыл жаңалықтарды қосу үшін соңғы қысқаша баяндау парағы мен сце- нарий эфир уақытына таяу аяқталуға тиіс. Шолу формасы белгілі бір жаңалықтар бөлімінің тәсілі және ұйымдастыруы- на орай, түрленіп отырады. Дегенмен мұнда шоуға қатысы бар бүкіл дүниені қамтуы керек.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==