Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

183 Жаңалықтар мен спорт бағдарламасы :10 AННA: БҰЛ ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ СІЗГЕ ҰСЫНҒАН – (ДЕМЕУШІ ЗАТТАҢБАСЫ/ WBSM ЖАҢАЛЫҚТАРЫ) УАҚЫТ КЕЛЕСІ ТЫҢДАЙТЫНДАРЫҢЫЗ НОРМ МАКДОНАЛЬД ӘЗІРЛЕГЕН АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ. (ОЙНАТУ: 30 АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ). AННA: НЬЮ-БЕДФОРД ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ АУА ТЕМПЕРАТУРАСЫ – __ ГРАДУС. СІЗДЕРМЕН БОЛҒАН ____________ WBSM ҚОРЫТЫНДЫ ЖАҢАЛЫҚТАР ШЫҒАРЫЛЫМЫ. РАДИОСТАНЦИЯМЫЗДАҒЫ КЕЛЕСІ ЖАҢАЛЫҚТАР ШЫҒАРЫЛЫМЫ – ___САҒАТ __-де. УАҚЫТТЫ ХАБАРЛАЙТЫН КЕЗДЕ, «ДИЖИТАЛ» УАҚЫТТЫ ҚОЛДАНЫҢЫЗ. ЕСКЕРТПЕ: МЫСАЛЫ: БЕСТЕН БЕС МИНУТ КЕТКЕНДЕ. WBSM келісімі бойынша пайдаланылды, Нью-Бедфорд, Массачусетс. Кейбір радиостанциялар өз жаңалықтар шығарылымдарын даярлауда ақ- параттық агенттіктердің көмегіне жүгінеді. Олар тек жергілікті дереккөздерден алған маңызды мақалаларды жариялайды. Соған қарамастан, жаңалықтар шы- ғарылымының қай бөлігіне болса да, сақадай-сай тұратын басы, түйінін және өт- кел лидті қамтитын форматы болуы қажет. Төменде бес минуттық жаңалықтар шығарылымының форматы ұсынылған. БЕС МИНУТТЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР ШЫҒАРЫЛЫМЫНЫҢ ФОРМАТЫ БАСЫ: Қайырлы таң (күн) (кеш)! [Уақыт мөлшері] жаңалықтарын тамашалап отырсыз. [Ақпараттық агенттіктен алынған ақпарат материалдарын маңызына қарай ретімен оқыңыз. Арасында тұщымды репортаж қамтылмаса, оларды халықаралық, республикалық және аймақтық маңызы бойынша қойып шығыңыз]. ДИКТОР: Бұдан кейін де көптеген жаңалық ұсынамыз. ЖАРНАМА: ДИКТОР: Жергілікті жаңалықтарды да хабардар ете кетсек. [екі жаңалық оқыңыз] ДИКТОР: Жергілікті аймақтағы ауа райы. [бүгінгі ауа райы және болжам] ЖАБЫЛУЫ: Бұл – [уақыт мөлшері] жаңалықтары және ауа райы болжамы. Сіздермен болған ____________ [диктордың аты- жөні]

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==