Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
181 Жаңалықтар мен спорт бағдарламасы лындап тұрған, шаш ал десе бас алатын тілші немесе жаңалықтар туралы әңгіме- ні тоқтатып тастап, жылы шырай танытпайтын адам, не болмаса арқа сүйейтін ата мен ананың тұлғалық имиджіне сай жазуыңыз да мүмкін. Мұндайда жаңа- лықтар әзірлеуші драматургтің тәсіліне көшіп, диалог дайындауы керек, яғни ақ- параттың анықтығын және тұтастығын сақтап, оны жеткізетін кейіпкердің тұлға- лық кейпіне сәйкестендіріп құрау қажет. Формат Формат негізгі режиссерлік сценарийді жазудан бастап, ауқымдырақ және то- лығырақ бір немесе екібағанды сценарий жазуға дейін түрленеді. Кей жағдайда автор жаңалықтар бағдарламасына ауыспалы режиссерлік сценарий дайындау- дан да көп дүние істеуі мүмкін. Кейде эфир жүргізушілері жаңалық әзірлеуші- нің бір немесе бірнеше рет жазған шимай-шатпағын қайта мұқият көшіріп алып жатады. Эфир алдында соңғы сценарий жүргізуші қолына ұсынылған кезде, ол оны тек оқып шықпай, өз стиліне икемдеп алу үшін әлгінің мазмұнына тиіспей, сөздер мен сөйлемдерді ғана ауыстырады. Кейбір радиостанциялар әр қысқа ре- портаж немесе үзіліске стандартты кейіптегі ашылу және жабылу тәсілін қол- данады. Мұндайда жаңалық әзірлеушілер хабарды ақпараттық агенттіктерден алынған жаңалықпен толтырады. Жаңалықтардың соңғы мәтіні тікелей эфирде (немесе тікелей эфирден кейін аудиторияға қысқартып ұсыну үшін алдын ала таспаланған) оқылуға арналған, сондықтан ол мәтін, мүмкіндігінше, анық жазылады. Айна қатесіз таза шықсын. Кейде автор эфирде мәтінді оқып отырған жүргізушіні робот деп қабылдап, жүргізуші мәтінде жазылғанды ғана оқып, сценарийге ешбір өзгеріс енгізбей- ді деп бағамдауы керек. Өз ісін беске білетін жүргізушілер әр сөздің, сөйлемнің және мағынаның жетесіне жетіп түсіну үшін әр сценарийді мұқият оқиды. Алай- да бұл эфирде жаңалық жүргізетін жүргізушілердің барлығына бірдей қатысты дүние емес. Мәтінді анық және ыңғайлы оқу үшін келесідегідей бірнеше қарапа- йым ереже қолданылады: жол соңында сызықша арқылы жазылатын сөздерді қолданбау, бөлінген абзацтарды пайдаланбау (яғни келесі бетке апаратын аб- зацтардың болмауы), айтылуы қиынға соғатын сөздер мен есімдердің фонотека заңына сай жазылуы, эфир кезінде жүргізушіге бағыттар пен материалды оңай ажырата білуде көмектесетін бас және кіші әріптердің орынды қолданылуы. Бұл кітаптағы сценарий үлгілері орын үнемдеу мақсатында бір жоларалық интервалмен берілсе де, жаңалықтар мәтіні екі, тіпті кейде үш жоларалық ин- тервалмен әзірленуге тиіс. Бұл мәтінді өңдеу ісін әлдеқайда жеңілдетеді және жа- ңалықтар жүргізушісіне мәтінді оқу оңайға түседі. Әр радиостанцияның өзіндік форматы бар, дегенмен әр репортаждың назар аударарлық жолдары , яғни тақырыбы болады. Әдетте бұл жолдар мәтіні бар па- рақтың бетіне орналастырылады және мұнда репортаждың атауы, шығу мерзімі, көрсетілетін бағдарлама атауы және автордың есімі жазылады. Ал кейбір кездері бұл жолдар беттің бүйір жағында блок түрінде беріледі. Егер белгілі бір стиль- дегі сәйкестік ұстанатын болса, бас және кіші әріптерді қолдануға болады.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==