Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

5-ТАРАУ 180 Нақтылық Көрерменіңіз түсінбейтіндей дәнеңенің де жоқ екенін білетіндей жазыңыз. Тіпті бас-аяқсыз және орынсыз қолдану себебінен репортажды бұрмалайтын аңдаусыз, немқұрайды немесе екіұшты айтылған комментарий немесе видео мен аудио материалдардың біріктірілуі белгілі бір мәселе, тұлға немесе оқиғаға қатысты аудиторияға «жалған» әсер сыйлап не болмаса бұрыс болжам жеткізуі мүмкін. Қолданылған терминологияның дұрыстығына көз жеткізіңіз. Мысалы, репортаждағы жаңалыққа қатысы бар адамға сот үкімі шығарылмаса, оны «кө- лікті айдап әкетуші» деп атамаңыз, бұл жағдайда, ол – «ықтимал көлік айдап әкетуші». Адам есімдерінің фонетикалық заңға сәйкес дұрыс жазылғанына көз жеткізі- ңіз, себебі бұл эфирдегі тілшіге оларды дұрыс хабарлауға кепілдік береді. Соны- мен қатар репортажда адамдар туралы барлық деректер, соның ішінде адамның жасы, мамандығы және тұрып жатқан қаласы туралы мәліметтердің де дұрыс берілгенін анықтап алыңыз. Цитаталар көбінде өрескел бұрмаланып беріледі. Репортажға жұмылдырыл- ған адамдар, яғни қатысушылар, куәгерлер немесе сарапшы-талдаушылардың цитаталарын қолдану жаңалықтар бағдарламасының сәнін келтіре түсетіні анық. Алайда кез келген сұхбаттың эфирде кесіп берілгенінен де айтарлықтай ұзаққа жалғасатыны белгілі. Сіз таңдап алған сюжет репортаж мазмұнынан тысқары ке- тіп қалмасын. Сондай-ақ сұхбат үзіндісін репортаждың кішкене бір бөлігі етіп қолданудың орнына, түгел сюжетті сол бөлікке байланыстырып қоюдан сақ бо- лыңыз. Цитаталардың, расымен, нақты екеніне көз жеткізудің бір жолы – оны сөз- бе-сөз жазып алу. Фактілердің бүйірлері тесіліп, бұрмалануына ешжол бермеңіз, тіпті олай жасау репортажыңызды қызықты ете түссе де, мұндайға бармаңыз. Репортажыңызды объективтік және нақтылықпен қамтудың бір жолы – жи- нақтаған кез келген және барлық ақпаратыңыздың дұрыс-бұрыстығын анықтау. Сценарийге әзірлеп жатқан кез келген материалдың сюжеті шындыққа жана- сымды сипатта естілмесе, тілші екеуіңіз оны қайтара тексеріп шығыңыздар. Кө- ңіліңізге қандай да бір күмән ұяласа, дереккөздің түпнұсқасын өздігіңізбен табу- ға тырысыңыз. Егер мұны істей алмасаңыз, продюсерден күмән келтірген мате- риалды пайдаланылған-пайдаланылмағанын сұрастырыңыз. Тұлға Жаңалықтарды радио, радиостанция немесе сайттың: (1), белгілі бір жаңа- лықтар бағдарламасының; (2) және жаңалықтарды ұсынатын тілшілер немесе; (3) жүргізушілердің жеке сипатына сәйкес келетіндей етіп жазыңыз. Телеарна, радиостанция немесе сайт альтернативті, байсалды, байыпты, жылдам және батыл сипаттағы белгілі бір имиджді насихаттауы мүмкін. Радио түрлі уа- қытта шығатын жаңалықтарды сан қилы имиджбен жеткізуі мүмкін: мысалы, таңертеңгі жаңалықтарды жарқын және бой жазатындай, ал кешкі жаңалықтар- ды әлем басын шайқайтындай және тереңдетілген кейіпте ұсынуы мүмкін. Жеке сипаттың мазмұндас келетін жаңалықтар бағдарламасына аудитория тартуда маңызы зор екенін ескеріп, мәтінді жаңалықтар жүргізушісінің стилі- не сай келетіндей жазыңыз. Қолданылған сөздер жаңалықтарды эфирде оқитын белгілі бір диктордың сөздік қорына сәйкес болуы қажет. Сөйлем құрылымы да сол диктордың ырғағы мен қарқынын көрсетіп тұруға тиіс. Бұған қоса, сіз жа-

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==