Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

179 Жаңалықтар мен спорт бағдарламасы асқындырып қана қоймай, сонымен қатар практикант қызбен қатысы бар бірне- ше адамды назарға іліктірді. Сондай-ақ олар бұл шуға қатысы бар сол адамдар- ға медиа селебритилер секілді ақша табуға және репортаждарда бой көрсетуге жағдай туғызып берді. Осылайша аудитория саны аяқасты артып, медиа табысқа кенелді. Жуырда Америка Құрама Штаттарының біраз губернаторы мен сена- торының некесіз қатынастары туралы мәлімет, сол уақыттағы жаңалықтардың барлығын дерлік, соның ішінде Америка тұрғындарының өмірі мен болашағына, сонымен қатар әлемнің қалған тұрғындарына қатысы бар ерекше маңызды жаңа- лықтарды екінші планға, тіпті қажетсінбейтін жаңалықтар қатарына ығыстырып жіберді. Газет туралы телевизиялық ситуациялық комедия немесе ситкомда ре- дактор тілшіге былай дейді: «Өтініш, у-шу және айғайға толы репортажбен жұ- мыс істеп жатырмын деп айтыңызшы». Ойдан құрастыру үнемі шынайы өмірдің нағыз көрінісі болып шығады. Қисынды және этика нормасына сай жариялау – қажетті әрі көп күтілетін фактор. Қалың жұртты қасақана адастырудың жөні бір бөлек. Мысалы, CBS тілшісі Марта Тейчнерден эфирде Сомали елінде АҚШ тарапынан жүргізіліп жатқан әрекет туралы пікір білдіру сұралды. Ол Columbia Journalism Review жур- налында Сомалиде бірқатар зерттеулер жүргізгені туралы жазғанымен, оның сол елге табаны тиген емес. Ол: «Тіпті мен жөнім түзу және ұқыпты болсам да, үстіртін пайымдаймын», – дейді. 2013 жылы Огайо штаты Кливленд қаласының Ариэль Кастро есімді тұрғыны үш қызды ұрлап әкетіп, оларды он жыл бойы сексуалдық күң ретінде ұстағаны үшін жазаға тартылды. Полиция қызметкер- лері Кастроның екі бауырын ықтимал қатысушылар ретінде лезде ұстап алып, олардан жауап алды. Бұл оқиғаны жариялауға бел шеше кіріскен бұқаралық ақпарат құралдары көрермен, тыңдарман және оқырманға қылмыскердің екі бауыры туралы репортаж таратумен қатар, олардың суреттерін де көрсетті. Осы- лайша олар көпшілікке жанама түрде қос бауыр кінәлі секілді әсер қалдырды. Кейін биліктегілер бауырлардың бұл қылмысқа қатысы бар екенін айғақтайтын ешқандай дәлелдің жоқтығын және, бәлкім, олардың бауырының не істеп жүрге- нінен еш хабары болмағаны туралы мәлімдеді. Алайда көпшіліктің әдеп норма- сына сай емес деп есептеген медианың қылықтары мен былықтары нәтижесінде бауырлардың басына түскен жаман атақтың және тіпті өлтіру туралы қауіп-қа- тердің айыбын жуып-шая алмады. Тіпті CNN -нің өзі соңғы жылдары селебрити, кісі өлтіру және тәртіпсіздіктерге қатысты хард жаңалықтарды аз-аздан ұсынуда. Мұндағы эфир уақыты бірнеше апта бойы осы оқиғаны түрлі ракурста және ег- жей-тегжейлі құрастыруға арналды. Марқұм Дон Хьюитт 60 Minutes бағдарлама- сының бұрынғы атқарушы директоры былай деп ескертеді: «Шоу-бизнесті жа- ңалықтар бизнесінен ажыратып тұратын бір шеп бар. Мұндағы гәп – ол шепке жақындаңыз да, оған аяқ саусағыңызбен жанасыңыз, алайда ол шепті аттап өтіп кетуші болмаңыз». Тіпті жергілікті теле-радиостанциялар да ақпарат материал- дарын үздік қалыпта ұсынудың орнына, эфир уақытын көбінесе жаңалық жүргі- зушілерінің арасындағы жөн-жосықсыз қылжақтасуға арнап жатады. «Инфотеймент» (infotainment) жаңалық тарататын көптеген бағдарламадағы «ақпараттың» орнын басты. Рим жазушысы Гораций: «Адамға жағу үшін ойдан шығарылған дүние шындыққа бір табан жақын болсын», – деген екен. Бүгіндері жаңалық қаламгерлері мен продюсерлердің басым бөлігі, бұл кеңестің тонын теріс аударып алғанға ұқсайды. Олар, керісінше, шындықты ойдан шығарылған дүниеге бір табан жақын ету үшін тырысып жүр. Бұл тәсіл жаңалықтарды таратуға жа- рай ма, әлде Рим империясындағы секілді, жаңалықтардың медиада құлдырауына алып келетін жауапкершілік пен құндылықтардың төмендеуінен байқала ма?

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==