Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

17 Масс медиа соның ар жақ, бер жағы. Аудиторияның басым көпшілігі музыкалық немесе ток- шоу форматындағы хабарды тыңдайды, алайда музыканың сазы, ток-шоудың тақырыбы елітіп әкетпесе, одан қызығырақ арнаға ауыстырады. Көптеген көрер- мен мен тыңдарман өздерінің назарын аударатын дүниені тапқанша арналарды сапырылыстырады. Радио мен TV-ға қарағанда интернетте таңдау жетіп-артыла- ды, сәйкесінше, сан мыңдаған дереккөздің ішінен керегін тауып алады. Мұның жазушы үшін сыры қандай? Демек, сценарий авторы аудиторияның назарын аударып, қалт жібергізбей тыңдата алса игі. Әрбір кадр және сөз желге ұшпай, аудиторияның жүрек қылын шертсін. Қаламгер сценарийге үш қайнаса сорпасы қосылмайтын, басы артық сәттерді сылып тастасын. Тура, өткір, қара- пайым тілмен жазылсын. Дүниенің кез келген бұрышын мекендеген тұрғындар сияқты, масс медиа аудиториясы да ала-құла, дәл осылай киберкеңістікке салын- ған бағдарлама күллі әлемге жетеді. Көрермен мен тыңдарманның ой-өресі, па- йымы, білімі, әлеуметтік-экономикалық жағдайы, саяси көзқарасы және жеке нанымдары бір-біріне мүлде ұқсамайды. Соңғы жылдары радио түбегейлі өзгерді. Бір кездері радионың әрбір стан- циясы нақты қауымдастықтың мұқтажы мен мүддесінің сойылын соқты. 1996 жылғы «Телекоммуникация туралы» заңға сәйкес бүкіл антимонополиялық ере- желердің күшін жоюы және Федералдық коммуникация комиссиясының (FCC) кейінгі шешімдері негізінде радио ауқымды әрі шоғырланған индустрияға ай- налды. Ірі-ірі конгломераттар қолы жеткен радиостанцияларды сатып алды, сон- дай-ақ 2010 жылға таман жергілікті қызмет көрсететін кішігірім тәуелсіз радио- станциялар көзден бұл-бұл ұшты. Алып шаһарлардағы бір компания еншісінде сегіз радиостанцияға дейін бар, дәл осылай әріптестер мен қызметтің шоғырла- нуы қаражатты үнемдеуге мүмкіндік берді. Құрылтайшы ірі конгломераттар өз меншігіндегі станцияларға хабарларды айшылық алыс жерден ұсынды, онымен қоймай «алты аласы, бес бересі» жоқ шалғай аудандарды қамтыды. Сонымен қатар шоғырланған станциялардың көбінде қызметкерлер саны қысқартылды. Біреуінде меншікті тілшінің, екіншісінде әуе толқынына шығарушы маманның жоқтығы салмақты әрі ақпараттық санаттағы жергілікті радионың жұмысына кедергі болды. Бір жағынан, жаппай музыкаға деген әуестік кеміді, спутниктік радио абоненттері өсті, интернет-радионың дәурені жүрді, сонымен қатар тың- дарман өз талғамына сәйкес музыка жанрларын һәм қалағанын іздеп табатын күн туды. Әлемдік конгломераттар мен спутникпен қамтамасыз етушілер кейбір өңірлер мен қалаларды жаңалықпен және ауа райы болжамымен хабардар етуге талпынғанымен, жергілікті ақпарат тасада қалды. Мәселен, шенеуніктер пойыз апаты салдарынан улы заттардың төгілгені туралы аймақ тұрғындарына ескерту- ге тырысты, бірақ жергілікті радиода кезекші маман болған жоқ. Жергілікті ра- дио апат кесірінен болған індет пен өлімнің алдын алуы мүмкін еді. (Егер сіз ра- дио мамандығын таңдасаңыз, Р. Хиллиард пен М. Кейт бірігіп жазған «Баяу үн: жергілікті америкалық радионың өркендеуі мен құлдырауы» /The Quieted Voice: The Rise and Demise of Localism in American Radio/ кітабына жүгіне аласыз). Бағдарлама тағдырын көркемдік немесе әлеуметтік түйткілдер емес, қаражат шешеді. Продюсерлер мен жарнама берушілер көрермен мен тыңдарманның едәуір бөлігін қамтуға және ұстап қалуға жанын салады. Бұл телевизиядағы ар- найы аудиторияны табатын, ең қарапайым әрі тиімді жолмен жасалады. LCD (lowest common denominator) термині бағдарлама таргетінің интеллектуалды кон- тентін сипаттау үшін қолданылады. Арнайы аудиторияға бағытталған салалық бағдарламалардың артуы өз алдына былай тұрсын, мультижелілі әрі мультиар- налы кабельдік, спутниктік жүйелер, интернет сайттары күнделікті және түпнұс-

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==