Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
5-ТАРАУ 178 сайт иесі ұстанған саясат; (2) қоғамның саяси және әлеуметтік көзқарастары; (3) жарнама берушілер тарапынан жасалатын қысым, соның ішінде даулы мәселе- лерден бойды аулақ ұстау туралы талап-тілек; (4) жаңалықтар бөлімі директо- рының, жаңалық жазушылардың және жаңалық жүргізушілердің жеке тысқары пікірлері; (5) жаңалықтар таратудағы жеделдік және; (6) инфотеймент бағдарла - малар (infotainment). Мұның ішіндегі бастапқы төрт фактор, негізінен, адамның жеке таңдауы ар- қылы анықталса да, соңғы екеуі, яғни жеделдік пен инфотеймент сипат – ме- диабизнестің бір бөлігі, сонымен қатар бұлар тиімді бәсекелестік үшін қажетті факторлар ретінде үнемі айтылып жүр. Жаңалықтар таратудағы оперативтіктің айқын мысалы ретінде саяси науқандарды айтуға болады. Репортажды оңай жет- кізудің жолын іздеуші теле-радио жаңалықтарын әзірлеушілер сайлау үміткер- лері әзірлеген үзінділерді және сол үміткерлердің спин-докторлары ұсынған тү- сіндірмелерді өте жиі қолданады. Сонымен қатар олар үміткерлердің біліктілігі мен мәселесіне айтарлықтай көп назар аудармайды. Жаңалық жазушысының саяси науқан жайында мазмұнды ақпарат таратудың орнына, жеңілдің астымен жүріп үміткерлердің құр үзінділерін ұсына салуы онсыз да кемшін медианың атына кір келтіреді. Мұндайдың айқын мысалы ретінде 2008 жылы АҚШ-та өт- кен президенттік сайлауды айтуға болады. Бір партия атынан қатысқан афро- америкалық әйел тұңғыш рет президенттікке үміткер болар еді. Сондай-ақ бас- қа ірі партиядан қатысқан әйел тұңғыш рет вице-президенттікке үміткер болды. Мұнда бұқаралық ақпарат құралдары Барак Обама мен Сара Пэйлиннің қауқа- ры мен көтере алатын жүгіне ден қойғаннан гөрі, екеуінің жеке өміріне көп бас сұққан тәрізді. Сара Пэйлин дүлей апаттан соң медиа өкілдерімен сұхбаттасудан бас тартқан кезде, журналистер оның ұстанған саясатын көзге де ілмеді. Олар Са- раның тұлғалық кейпіне баса назар аударып, медиажұлдыз етіп шығарды. Назардың барлығы жаңалықтарға емес, ойын-сауық бағдарламаларына ауа- ды. Бұған хабар таратушы станциялар, кабельдік желілер мен сол нарықтағы жергілікті хабар тарату станциялары және әсіресе бір-бірімен бәсеке желілер- дің жаңалық таратушы ұлттық шоуларының барлығы дерлік бірдей ақпарат- ты таратуы себеп болады. Жаңалық таратушы станциялар бәсекеге түскенде де сапалы немесе тереңдете ұсынылған ақпарат таратудан жарыспайды, олардың ұсынатындары – жеке басқа қатысты және адам жағасын ұстататын жаңалық- тар. Көбінесе хард жаңалықтарға азырақ көңіл бөлініп, ал ойын-сауық очерктері ерекше назарға ілігуде. Бұқаралық ақпарат өкілдерінің селебритилердің жеке өміріне қатысты дерек- терді жаңалық деп тануы уақыт өте келе өзгеретін тәрізді. Дегенмен бұл бұқара- лық ақпарат құралдарындағы жарнаманың өсуі және оқырман, тыңдарман мен көрермен санын арттыру жолында табыс көзін көбейтудің тікелей байланысы- мен ұштастырылатын секілді. Мәселен, 1920 жылдары президенттікке үміткер Уоррен Гардингтің көңілдес/ашына әйелдерінің бірі оны бопсалаймын деп сес көрсетіп, оның сайлауға түсуіне зиян келтіргісі келді. Ақырында, Республикалық ұлттық комитет бопсалағыш әйелге ақы төледі. Медиа мұны ажиотаж туғызу- шы себеп ретінде елеп-ескермеді. 1960 жылдары президент Жон Кеннеди ашық түрде әйелдермен кездесіп жүрді, олардың қатарында атағы жер жарған ки- ножұлдыз әйелдер де болды. Олар президентпен некесіз жыныстық қатынасқа түсу үшін Ақ үйге барып тұратын. Мұны да бұқаралық ақпарат өкілдері көрсе де көрмегенсіп, еш мән бермеді. Арада отыз жыл өткен соң, медиа президент Билл Клинтонның Ақ үй практикантымен сексуалдық қатынасы төңірегінде үлкен шу көтерді. Олар президентті лауазымынан алып тастау үшін саяси оппортунизмді
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==