Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
177 Жаңалықтар мен спорт бағдарламасы Ырықты етіс (active voice) пен ырықты етістіктерді (active verbs) қолданыңыз. «Бүгін таңертең ерте уақытта болған пойыз апатынан кейін, қырық адам ауруха- наға жатқызылды» деп жазудың орнына, «Таң ата болған пойыз апатынан зардап шеккен қырық адам ауруханаға түсті» деп жеткізіңіз. «Алапат дауыл күшімен үйірілген арыны қатты су, қала маңындағы өзенді кесе-көлденең қоршап тұрған бөгетті басып өтті» деп жазбаңыз. Дұрысы – «Алапат дауылдан болған су тасқы- ны, қала бөгетін бұзып өтті». Жаңалық жазушысы және оқытушы Денис Уайт былай дейді: «Әдетте біз оқиғаны сипаттап жатқанымызда ырықты етісті қолданамыз. Дегенмен белгісіз бір себептерге байланысты үнемі ырықсыз етісте жазамыз. (Не болғанда да, бұл – хабар тарату мәтінін жазумен енді айналысып жүрген авторлармен жұмыс істегенде көрген тәжірибем). Мәтініңізді ырықты етіс қалыбында сақтаңыз. Мүмкіндігінше, қарапайым етістіктерді пайдаланыңыз. Бұл мәтінді жақсарта түсуге және аудиторияның репортажға ілесіп отыруына жағдай жасайды». Уайт жаңалық әзірлеуші қолданатын тілдің аудиторияға ықпалын анықтауда- ғы негізгі тәсілді ұсынды: Теле-радио журналисі аудиторияға арнап жазатындықтан, репортаж мәтінінің дұрыс-бұрыстығын анықтау үшін дауыстап оқуы керек. Мұндайды жаңалықтар редакциясынан байқайсыз: қаламгерлер компьютер алдында жеке отырып, өз мәтіндерін дауыстап оқып отырады. Олар мәтіннің дыбысталуы мен аудиторияға берер әсерін түзейді. Бұл – репортаждың өтімділігін анықтаудың жалғыз жолы. Мәтін дұрыс оқыла ма? Өтімді ме? Қарапайым әрі анық тілмен жазылған ба? Цифрларды дауыстап оқыңыз. Дегенмен кейбір қаламгерлер, әсіресе уақыты шектеулі журналистер «100-ге жуық адам қалалық әкімдікке қарай беттеді» деп жазу арқылы уақыт үнемдейді. Ал эфирге шығатын тілшіге «жүзге жуық адам қалалық әкімдікке қарай беттеді» деп оқи салу оңайырақ. Ерекше есімдер немесе тіл ұстартуды фонетика тұрғысынан дұрыстап жеткізіңіз. Хьюго дауылына қатыс- ты репортажды еске түсіріңіз. «Енді Саваннада тұратын Newstar Network тілшісі Венди Чи-О-Жиді тыңдап көрелік». Репортажға түскен барлық адамды анықтап беріңіз. Қатысқан адам беделді тұлға болса, оның қызметін не лауазымын нақты- лаңыз. Аудиторияға «Ғаламдық жылынумен күрес жөніндегі Азаматтық коми- теттің атқарушы директоры Элизабет Миллер бүгін Конгресте сайлауға түсеті- нін жариялады» деген ақпаратты білу әлдеқайда маңызды. Ал «жергілікті саяси активист Элизабет Миллер бүгін Конгресте өз кандидатурасын жариялады» деу тіптен қызықты емес. Кітаптардың стилін қолданыңыз. Associated Press Stylebook and Libel Manual және United Press International Style Book кітаптары – тыныс белгілері, орфография, цифрлар, бас әріптер (үлкен және кіші әріптер), аббревиатуралар және дерек- тер, жас, өлшем және көлемді дұрыс қолдану бойынша стандартты тәсілдердің таптырмас дереккөздері. Объективтік Адал ниетті автор, продюсер немесе тілші жаңалықты жариялауда әділдік- ке және адалдықты ту етеді. Ең ақырында, объективтілік деңгейі келесідегідей жолдармен анықталады: (1) телевизия немесе радиостанция, желі, арна немесе
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==