Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
5-ТАРАУ 176 Либерия жұртына Чарльз Диккенс романының атауы дәл келетін сияқты, себебі ұзақ уақыт бойы тапталған әрі жаншылған мекенде «гүл жарған» жаңа дәуір орнады. «Үкілі үміт» (Great Expectations) романы алқаптар, белестер, жазықтар және кедей-кепшік мекендеген қаланың шет-шетіндегі жатақтарды кезді. Ол уақытта ел тұрғындарына берілетін жаңа мемлекеттік мүмкіндіктерді ұсынған жаңа президент Элен Жонсон-Серлиф ресми түрде қызметіне кіріскен болатын. Дегенмен қысқа уақыт ішінде нақты ақпарат ұсыну үшін хабар таратудың мы- надай үлгісін ұстанған абзал: Либерияның жаңа президенті Элен Жонсон-Серлиф бүгін ант қабылдады және көпшілік алдында «жаңа» ұлт құруға уәде берді. Сонымен қатар ол Либерияның бүкіл тұрғындарын жаңа үкіметте қабылдайтынын айтты. Кәсіби маңыздылық Аудиторияңыз көмескі тартып кетпесін. Ғылыми тіл немесе статистиканы түсін- діруде маман болғаныңызбен, кәсіби терминдерді аудиторияңыз білмеуі мүмкін. Мәселен, орманда болған өрт 100 акр жердегі ағашты жайпап өтсе, «Бір миллион шаршы километр көлеміндегі ағаштың күлі көкке ұшты» деп айтпаңыз. Мұны «Өрт сегіз бөлмелі 40 үй салуға жететін ағашты жалмап кетті» деп жеткізгеніңіз абзал. Абстрактілі сипатта түсіндіруден қашық болыңыз. Нақты жеткізе біліңіз. Көкейіңізде тұрғанын анық айтыңыз. Айқын мысалдар беріп өтіңіз. Тіл Жазу стилі қарапайым, тура және түсінікті болуға тиіс. Формасына сәйкес ауызекі сипатта да болуы ықтимал. Бұл сізге сленг немесе сауатсыз құрастырыл- ған сөйлемдерді қолдану керектігін білдірмейді, дегенмен бейресми сөздерді қолда - нысқа енгізуге болады. Абстрактілі сөйлемдер мен екіұшты мағына беретін сөздер- ден аулақ болыңыз. Сондай-ақ қарапайым әрі ауызекі стильді қолданамын деп асыра сілтеп жібермеңіз, әйтпесе көрермен немесе тыңдарман тәкаппарланып тұр деп ойлайды. Репортаж мәтіні әңгімелесу сипатында болуы керек. Тікелей эфирді тізгіндеп отырған диктордың аудиториямен құдды бір аудиторияға арналған жалпы бөлмеде отырғандай әңгіме-дүкен құрғанын қалайсыз. Аудиторияңыздың жеке мүшелерімен бірге жанашырлық таныта біліңіз. Ақпараттың жігін ажыратыңыз . Өзіңізді солардың орнына қойып көріңіз. Аудиторияның әр мүшесіне бұл ре- портаждың берері не? Тілшілер жинаған барлық материалдың басын біріктірген автор немесе сол жинақтаушы тілшілердің өзі ретінде репортаждың анық-қаны- ғын беске білесіз. Мұның аудитория үшін тіптен жаңа дүние екенін естен шығар- маңыз. Осы шақты пайдаланыңыз. «Тоналған адаммен сөйлескенімізде, ол адамдар- дың неліктен есірткі сатып алу үшін ұрлықты жалғастыра беретін себебін түсін- дірді, оның айтуынша, жоғары шенді орындарда есірткі бизнесіне ресми қолдау білдіретіндердің қатары көп болды» деп жазушы болмаңыз. Оның орнына «то- налған адам есірткіге қатысты жең ұшынан жалғасқан тонаушылық әрекеттер үшін жоғары шенді орындардағы ресми қолдаушыларды кінәлайды» деп жазға- ныңыз абзал.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==