Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

175 Жаңалықтар мен спорт бағдарламасы жайт орын алғаны туралы көрініс бар, ендігі кезекте олар бұл жайында молынан ақпарат алуға әзір. Келесі сөйлемде біз алдыңғыдан да нақты ақпарат алатын боламыз. Ал соңғы сөйлем қандай да бір қорытындыға әкелуге тиіс. Ақпарат сюжетін жазумен айналысатын адамға айтар үздік кеңес – репортажды, құдды бір, досына әңгімелеп беріп отырғандай жазып шығыңыз. Баз біреуге осы репортаж туралы айтқыңыз келсе, ең әуелі, бірінші сөйлемнен бастайтыныңыз белгілі. Сөйлемді тек «Бұл туралы естідіңіз бе?» деген сұраулы сөйлеммен аяқтаңыз. Мұны дауыстап айтсаңыз, тіпті нұр үстіне нұр болар еді. Теле-радио жаңалықтарын әзірлеуші өзінің репортаж жазу үстінде екенін үнемі естен шығармауы қажет. Бұл репортаждың басы, ортасы және аяғы болуы қажет. Жаңадан кіріскен журналист көп жағдайда қаз-қатар тізілген ұзын сонар фактілерді бере салады. Мұндағы бір сөйлем келесісін жетелеуге тиіс. Бір идея келесісімен астасып жатсын. Драмалық экшн Жаңалыққа драмалық экшн секілді қараңыз. Айдан анық қақтығысты қамти- тын репортаж (соғыс, саяси науқан, кісі өлтіруге қатысты сот процесі, ажырасу мәселесі, бейсбол жалаушасы үшін жарыс) бірден аудитория назарын аулайды. Сұрақтардан гөрі, тікелей мәлімдемелерді пайдаланыңыз. Қақтығыстың өзек- тілігін атап өтіңіз. Мысалы, репортажды «Америка әлемнің түкпір-түкпірінде айтылып жатқан пікірді құлағына да ілмей, Иранға қарсы соғысты бастап кете ме?» деген сұраулы сөйлемнен бастамаңыз. Мұны: «Бүгіндері әлемді кезіп жүр- ген жалғыз сұрақ – Америка әлемнің түкпір-түкпірінде айтылып жатқан пікірге құлақ аспастан, Иранға қарсы соғысты бастап кете ме?» – деп бастау әлдеқайда тиімдірек. Репортаждағы өзектілік пен адам көңілін толқытар сәттерді сақтаңыз. Жаңалықтарды шала-шарпы ұсынудан аулақ болыңыз, анық-қанығын білмесе- ңіз, аудиторияға жеткізуге асықпаңыз. Алайда мұндай ақпарды кезекте тұрған келесі ұсынылатын репортажға қызықтыра түсіру үшін айтып өтсеңіз болады. «Бұл – аяқсыз қалған репортаж, бірақ...» – деп айтқаннан гөрі, комментарийсіз болсын, қолыңызда бар кез келген деректі ұсынған әлдеқайда оңтайлы. Әдіс-тәсіл Теле-радио жаңалықтарының қадамгері үшін ең қиыны – қаптаған деректің ішінен ең тұщымдысын таңдап, сол деректерді уақыт оздырмай елге жеткізу ке- рек. Жеделхат немесе жарнама тақтайшасының шектеулі кеңістігінде маңызды ақпарат ұсынып жатқандай, сөздерді мұқият таңдаңыз. Айқындық Қысқа әрі таныс сөздерді таңдаңыз. Көпсөзділікке ұрынбай-ақ, көркем сипат- та алып шыға аласыз. Қарапайым әрі турасын кесіп айтатын тіл іш пыстырмай- ды. Роман жазудан бұрын, осындай хабар дайындаумен айналысқан Эрнест Хе- мингуэйдің біраз кітаптарын оқып көріңіз. Солтүстік Африка туралы ақпарат материалын былай бастасаңыз болады:

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==