Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

5-ТАРАУ 174 ВИДЕО АУДИО АҒЫЛШЫНША/ КАДРДАН ТЫС МӘТІН/ ТАСПАДАҒЫ ДЫБЫС. Бүгін Оңтүстік Кореяда мыңнан астам студент қамауға алынды. Студенттер қамалмай тұрып Сеулдегі университет ғимаратында Солтүстік Кореяға барып қайтуға рұқсат беруін талап еткен болатын. Полиция қызметкерлері көзден жас ағызатын газды қолдану арқылы ғимаратты басып кірген соң, жағдай ушыға түсті. ВИДЕО АУДИО ЖО КАМЕРА АЛДЫНДА. Егер сіз BP төккен мұнай Флориданың оңтүстік- батысында орналасқан Санибел және Каптива аралдарындағы демалысыңыздың сәнін кетіреді деп уайымдасаңыз, бойыңызды еркін ұстаңыз. WCVB-TV келісімімен пайдаланылды, Бостон. Софт лид. Софт лид аудитория көңілін аудару және назарын ұстап тұру үшін репортажды драмамен сәндеуге тырысады және мұны хард лидпен жалғасты- рып әкетеді. Бұған дейін сөз етілген BP (British Petroleum) төккен мұнай туралы жаңалықты ашқан софт лидке мән беріңіз. Жаңалықтар телебағдарламасының авторы және продюсері Денис Уайт сту- денттерге бұрынырақта үйренген жазу стильдерін ұмыту туралы кеңес бере- ді, дегенмен олардың қалыптасқан сөз құрау стильдерін қолдануын құптайды. Оның айтуынша, студенттердің басым көпшілігі ұзын сонар, құрмалас сөйлем- дерді жазуға үйренген. Алайда теле-радио хабар тарату ісіне бұл стиль мүлдем жарамайды. Сонымен қатар ол: «Ауызша сөйлеу тілін қайта жаңғырта түсуіңіз қажет. Бұл пьеса жазуға қатты ұқсайды», – дейді. Уайт тағы да былай дейді: «Біздегі аудиторияның жаңа ғана естігеніне қайтып оралып, оны қайта түсініпжату мүмкіндігі жоқ. Бізде бір ғана мүмкіндік бар, ол – аудиторияның назарын аулау. Егер мұның өзін сәтсіз атқарсақ, аудиториямызды жоғалтып аламыз. Теле-радио жаңалықтарын жазудың құрылымы қарапайым-ақ, дегенмен мұнда «қоп-қою мәтін» пайдаланылады. Біз мұндағы әр әріпті санауымыз қажет, себебі репортажымызды сипаттауға берілген уақыт шектеулі». Уайттың айтуынша, жаңалық әзірлеушінің ең әуелгі мақсаты – аудиторияны тыңдай білуге көндіру. Әдетте репортажымызды сол жайында жалпы идеяны ұсынатын бес-он сөзбен толықтырамыз. Мысалы: «Бүгін Ямайка жазығында бесінші дәрежелі өрт супермаркетті тұтас жалмап кетті». Аудиторияның көз алдында қандай

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==