Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

173 Жаңалықтар мен спорт бағдарламасы ВИДЕО АУДИО АЛЬБЕРТ: [Ауа райы болжамы]. БРАЙН: Хьюго дауылының белгілері Жоржиа мен Каролина жағалауларында аздап біліне бастады. Енді Саваннада тұратын Newstar Network тілшісі Венди Чи-О-Жиді тыңдап көрелік... Венди... ауа райы сіздерде қалай ? LIVE NEWSTAR: [Live Newstar] VTR КАРИБТІҢ ҚИРАУЫ СЮЗАН: /КАДРДАН ТЫС МӘТІН. Хьюго дауылы құйындатып өткен Кариб аймағында жергілікті шенеуніктер су жетіспеушілігі, үйсіздік/ үйі жоқтық және кеңінен орын алып жатқан тонаушылықтың алдын алу үшін тырысуда. Америка әскерилері Виргин аралдарына келіп жетті. Сент- Круадан қайтып оралған жоғары шенді шенеуніктер жағдайдың бақылаудан шыққанын айтады. ТАСПАДАҒЫ ДЫБЫС: [ТАСПАДАҒЫ ДЫБЫС]. КАДРДАН ТЫС МӘТІН. Виргин аралдарының губернаторы тонаушылық әрекеттердің анау айтқандай ушыққан түгі жоқ деп көндіруде. ТАСПАДАҒЫ ДЫБЫС. КАДРДАН ТЫС МӘТІН КӨБІРЕК. [ТАСПАДАҒЫ ДЫБЫС]. СЮЗАН: Күтілгендей, Президент Пуэрто-Риконы бүгін апат аймағы деп жариялады. Ол кеше Виргин аралдарына да дәл осындай мәртебе берген еді. Біз, әрине, Хьюго дауылына қатысты жаңалықтарды назарымыздан қалт жіберіп алмауды және кешкі уақыт аралығында жаңа мәліметтер жеткізуді жалғастыратын боламыз. WCVB-TV келісімімен пайдаланылды, Бостон. Қорыта айтқанда, репортажды алғашқы абзацтан-ақ түсінікті етуге тырысы- ңыз. Олай болмаса, барлығын екінші лидке тықпалаңыз. Сосын репортажға қо- сымша эфир уақыты берілсе, бірінші лид пен қалған лидтерді қайтара анықтап жазып шығыңыз. Хард лид. Хард лид дәстүрлі бес сұрақтың жауабындағы ең маңызды ақпа- ратты қамтиды. Мұнда репортаждың мәнісі ықшамдалып айтылады. Мысалы, келесі сценарийге мән беріңіз.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==