Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

5-ТАРАУ 172 ВИДЕО АУДИО КАДР СЫРТЫНДАҒЫ МӘТІН. VTR Үдемелі толқындар... азынап тұрған жел... тас етіп бекітілген мығым ғимараттар. БРАЙН: Хьюго дауылының белгілері барлық жерде білінеді. ҚОСАДАМДЫҚ ОРТА ПЛАН/VTR Бұл қырғынға ұшырататын дауыл Флорида жағалауынан Каролинаға дейін қалпақтай ұшырады. СЮЗАН: Кеш жарық. Мен – Брайн Лири. Ал мен – Сюзан Уорникпін. Дәл қазіргі уақытта Хьюго дауылы күшіне мініп, Америка Құрама Штаттарының оңтүстік-шығыс жағалауына жақындады. Ол бұл жағалауға түн ортасынан ауғанға дейін келуі керек. БРАЙН: Жаңа Англия бұл жойқын дауылдың белгісін ертең түнге таман сезінетін болады. Алайда қазір бүкіл назар оңтүстік-шығыс жаққа қарай бағытталған, мұндағы тұрғындар тастай бекініп, жоғарырақ орналасқан ғимараттарға қоныстануда. Сіздерге ұсынар репортаждың бірнеше сериясы бар. Алдымен жетекші корреспондентіміз Марта Брэдли дауыл туралы ескерту аймағындағы дайындық жұмыстарына шолу жасайды. ТАСПАДАҒЫ ДЫБЫС: МАРТА: Чарльстон әкімі бұл дауылдың қауіптілігін бағалауға ешкімнің немқұрайды қарамағандығы маңызды екендігін атап өтті. Шаһар басшысы Жозеф Райли бұл дауылдың қаладағы 1938 жылы орын алған торнадодан кейінгі ең сұрапылы болуы мүмкін екенін айтып өтті. Алапат жылдары дауыл салдарынан 32 адам ажал құшып, 100-ден астамы жарақат алған болатын. СЮЗАН: Мұнда Жаңа Англияда Хьюго дауылының белгілерін сенбі күні түнде сезе алармыз. Соңғы жаңалықтармен хабардар болу үшін сөз тізгінін Дик Альбертке ұсынамыз. Осыған ұқсас маңызды репортажда мол ақпарат пен визуалды эффектілер ке- ңінен қамтылса және жарты сағаттық теле-шоуда ұсынылатын он минуттық хард жаңалықтар (спорт туралы жаңалықтар мен ауа райы болжамдарын қоспағанда) топтамасының екі немесе үш минуты айтарлықтай әсер қалдырарлық материал- мен толықтырылса, мұндай репортаждың үш есе артық қаралуы мүмкін. Бірінші лид тизер секілді болуы мүмкін немесе мұны софт лид деп те атап жүр, мұндағы әсер қалдырарлық мәлімет және адами қызығушылық аудитория назарын хард лидтің арнайы ақпаратына бұрады. Артынша екінші лид ілесуі мүмкін. Мұндағы ақпарат тереңінен, әдетте маңызды визуалды материалдармен немесе қатысушы- лар не бақылаушыларды жұмылдыратын сұхбаттар көмегімен берілуі мүмкін. Келесі ұсынылатын сценарий – дәл осындай репортаждың үлгісі.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==