Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

171 Жаңалықтар мен спорт бағдарламасы Екі мақалада да дәстүрлі бес сұрақтың жауабы қамтылған. Дегенмен бұл ха- барлама жария етілген соң, 1 секунд ішінде баспасөз бетіне шыққан жаңалықта: «Қайда?» – сұрағына жауап жоқ. Ал сайтқа шыққан жаңалықта, тіпті қатты сы- ғымдалса да, бес сұрақтың бәріне жауап қамтылған, соның ішінде «қайда» сұра- ғының жауабы дәл уақытында ұсынумен байланыстырылып тұр. Баспасөз бетін- дегі мақаланың лиді ұзын сонар болуы мүмкін болғанымен, шындығында, бүкіл оқиғаны бір немесе екі сөйлеммен баяндауға болатынын ескерсек, эфирдегі лид- ті қысқа түрде ұсыну қажет. Қажет болса, дәстүрлі бес сұрақтың бір-екеуін екін- ші сөйлемге немесе келесі кіріктірілетін визуалды материалға сақтап қойыңыз. Баспасөз мақаласында үнемі екінші лид кездеседі. Екінші абзацта бірінші аб- зацтан қалыс қалған маңызды ақпарат қамтылады, себебі бірінші абзац дәстүр- лі бес сұрақтың ішінен мақала үшін маңызды саналатын бірнешесін ғана ұсыну нәтижесінде ұзын сонар жазбаға айналып кетеді. Теле-радионың жаңалықтар ұсыну тәсілі де осындай, дегенмен екінші орынға түсіп қалатын дәстүрлі бес сұ- рақтың жауабы репортаждың көрермені немесе тыңдарманының негізгі түсінігі үшін маңызды саналады. Баспасөз мақаласы бірінші лидте немесе ілеспелі лид- терде ашыла түссе, теле-радиода әдетте соңында түйінделеді. Жаңалықты өрбі- тудің кез келген тәсілі әдетте белсенді түрде қолданылатын дәстүрлі төрт сұрақ- пен (кім, не, қайда және қашан) шектеледі. «Не себепті» екенін ұсынуға сирек уақыт табылып жатады. Интернет арқылы таралатын жаңалықтар бағдарлама- сының басым көпшілігі теле-радио және кабельдік телевизияның тығыздалған уақыт кестелеріне ілесіп отырса да, көбісі интернеттегі бар уақыт икемділігінің ыңғайын қолданады да, тереңдетіп жазылған репортаждарды ұсынады. Төменде сюжеттің мән-мағынасы мен керекті видеоматериал қамтылған стан- дартты 30 секундтық телевизиялық репортаждың үлгісі берілген. ВИДЕО АУДИО ЖО КАМЕРА АЛДЫНДА. Егер сіз BP (British Petroleum) төккен мұнай Флориданың оңтүстік-батысында орналасқан Санибел және Каптива аралдарындағы демалысыңыздың сәнін кетіреді деп уайымдасаңыз, бойыңызды еркін ұстаңыз. Кадрдан тыс мәтін. Санибел жағажайлары Дей тұрғанмен, жүз мыңдаған галлон Мексика шығанағының батыс бөлігіндегі жағалауды лайлау үстінде. Бұл шығыс шығанағына жетпеген және ол маңға жетпейді деп болжануда. Кадрдан тыс мәтін. Вашингтон, Колумбия округі Капитолий мен Ақ үй Конгресс терең судың түбін үздіксіз бұрғылауды не істеу керектігін талқылап жатқанда, Президент Обама мұнайдың төгілуін тоқтатуға қатысты шараларды қарастыру мақсатында, бірқатар федералдық агенттіктермен жиналыс өткізді. ертең» шығарылымынан да бас тартатынын жеткізді. Жаңалықтарды қайта жазып шығу концепциясы NBC ойын-сауық бөліміне тиесілі, мұнда эфир ар- қылы берілген үш сюжетпен жұмыс істеген жаңалықтар бөлімі ұжымының қатысы жоқ.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==