Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
5-ТАРАУ 170 ды және аудио қабылдаудың арасындағы негізгі айырмашылықты ажырата білу- ге көмектесу үшін назарыңызға бірқатар ескертпелерді ұсынады. Алғашқы ескертпе – мұнда мақаланың құрылымы едәуір ерекше болуы мүм- кін. Мәселен, газет мақаласы әдетте дәстүрлі бес сұрақтың бәріне жауапты – мақаланың басында, яғни бірінші жолда немесе кіріспе лидпен ұсынады. Ал электронды медиадағы ақпаратты сығымдау қажеттігі, кіріспе жолда әлгі бес сұ- рақтың біреуін немесе бірнешеуін қамтымай кетуі немесе толық мақалаға тән секілді көрінетін логикалық тәртіптің орнын ауыстырып жіберуі мүмкін. Мыса- лы, масс медиадағы жаңалықтар репортажында пассивті жазбадан қашық болу мақсатында мақала дереккөзін кейін ұсынудың орнына бас жағына жіберілуі мүмкін. Мыналарға мән беріңіз: ■■ Газет: «Қалалық кеңестің барлық мүшелері мемлекет қаражатын заңсыз иеленіп, ысырап еткені үшін жауапқа тартылуы керек», – деді жуырда жасақталған саяси активистер тобының президенті кешегі ашық отырыста. ■■ Радио немесе телевизия: Жаңа саяси ұйым қалалық кеңес мүшелерінің мемлекет қаражатын заңсыз иеленіп, ысырап еткені үшін жауапқа тартылғандарын қалайды. (Дегенмен кейде медиа репортажы баспасөз бетіндегі дәстүрлі бес сұрақтан да көп сұрақтың жауабын қамтуы мүмкін, тіпті қысқа мерзім ішінде болсын. Тө- мендегі мысалды қараңыз). Лид Репортажды (story) айқын әрі нақты ақпараттан бастаңыз. Кіріспе, мүмкінді- гінше, бүкіл мақаланың ықшамдалған түйіні болуға тиіс. Дей тұрғанмен, толық ақпаратты түгелдей тықпалаудан сақ болыңыз. Аудитория жаңалықтарды бір рет қана көреді не естиді. Газет оқырманымен салыстырғанда, олар белгілі бір тұстарды анықтау немесе жақсылап түсіну үшін мәтінге қайта орала алмайды. Аудитория сюжетті алғашқы естігеннен-ақ назарына қағып алатындай болуы қа- жет. Шамадан тыс мәліметті қосып әуре болмаңыз. Әдетте мәліметті 30, 60 немесе 90 секунд ішіне сыйғызу қажет себебінен – газет тақырыптары, тақырыпшалары және лид параграфымен салыстырғанда, теле-радионың ақпарат материалдары кейде сәл көбірек болады. Төмендегі бірдей екі репортаждың кіріспесін салыстырыңыз. Алғашқысы AP жаңалықтар лентасында, екіншісі Broadcasting & Cable журналында жарияланған: NBC ЖАҢАЛЫҚТАРЫНДАҒЫ «КЕШЕ, БҮГІН ЖӘНЕ ЕРТЕҢ» ( YESTERDAY, TODAY AND TOMORROW ) АРНАЙЫ ШЫҒАРЫЛЫМЫ КӨРЕРМЕНДІ ЖА- ҢЫЛЫСТЫРЫП ЖІБЕРЕДІ. ЕҢ ДАУАСЫ – БҰЛ ӘДІСТІ ҚОЛДАНБАУ. Ақпараттық репортажды не болмаса деректі фильмді алға салып, артынша едәуір сынға іліккен жаңалықтарды қайта жазып шығу әдісі – NBC News -тің жоспарында жоқ нәрсе. Өткен аптада NBC News президенті Майкл Гартнер жаңалықтар бөлімінің шынайы кейіпкерлерді ойнайтын әртістерді ақпарат тарату мақсатына жұмылдыруды тоқтатып қана қоймай, «Кеше, бүгін және
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==