Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

169 Жаңалықтар мен спорт бағдарламасы кін. Дей тұрғанмен, газет журналисіне қарағанда, телевизия не радиода жаңалық әзірлеуші шектеулі хабарға мүмкіндігінше мол мәлімет қоса білгені жөн. Мұн- дағы басты фокус – ақпаратты сығымдау . Телевизия және радио журналисі Филлис Хейнс қаламгер-тілшілерге арнап келесідегідей бірнеше тәсіл ұсынды: Эмеральд аралынан шыққан атақты жазушы Жеймс Жойс мағынасы терең cөздерді лек-легімен жазатын. Ұлы жазушылар, ақындар және мистикаға ден қоюшы авторлардың дәстүрлері оқырманға ұзақ та бұралаң жолды саяхатқа аттануға жағдай туғызады. Алайда телевизия және радио журналисінің аудитория алдындағы жауапкершілігі бір бөлек. Ол тыңдарман мен көрерменге орын алған оқиғадан хабар беретін күрделі сюжетті санаулы секундтар ішінде түсіндіріп үлгеруі қажет. Мұнда сананы сандырақтататын сын есімдерден құралған жеңіл-желпі сөйлемдерге жол берілмеуге тиіс. Телевизия және радио журналисі сюжеттің мәнін бірден ашуға тиіс және аудитория оны алғашқы кадрдан-ақ түсінетіндей әзірлеуі керек. Дегенмен шектеулі дүниеден де керемет өнер туатыны бар. Білікті эфир журналисі – алғашқы әсерді сыйлайтын шебер. «Аз болса да саз болсын» дейтін ескі мәтел трансляция жазбасына қатысты айтылғандай. Тас қашайтын мүсінші мен жаңалық әзірлеушінің жұмыстарында бірдей ұқсас мәселе бар деп айтуға болады. Мүсіншіге қиялындағы кескінді мүсіндеп шығару үшін қатты тасты уату қажет. Сондай-ақ ол мүсіннің несі артық екенін анықтай білуі қажет, дегенмен мүсіннің ақтық келбетін қате қашап шығармау үшін шектен тыс уатылған тастарды алып тастамайды. Сол секілді, теле-радио журналисі де артық ақпаратты іріктей білуге тиіс. Сонымен қатар оған ойындағы оқиғаны өрбіте білетін сөйлемдер мен комментарийлерді ғана таңдай білген жөн. Журналист те мүсінші секілді нені алып, нені қосу керектігін айқындап алсын. Шамадан тыс материалды алып тастау қауіптірек, себебі мұндайда аудитория шатасып, не болмаса енжарлық танытуы әбден мүмкін. Дегенмен мүсіншіге қарағанда, теле-радио журналисі уақытқа қатысты қосымша мәселеге тап болады. Трансляция бекітілген дедлайн бойынша эфирден берілуі қажет. Әдетте журналист еншісінде азғантай уақыт қалады, кейде репортажды аяқтауға тіпті уақыты жетпей жатады. Бұл кәсіпте уақыт ешбір қателікті кешірмейді. Кешегі күннің жаңалықтары шұғыл түрде тамаша репортажға айналуы мүм- кін. Репортаждың қаншалықты керемет дайындалып, әбден зерттелгеніне қа- рамастан, егер ол ескіріп қалған болса, мұны жарамсыз дей беріңіз. Теле-радио журналисі шектеулі уақыт ішінде мәтін жазады. Онымен қоса, журналист жаңалықтар шығарылымының әр сюжетінің арасы- на логикалық өткелдер таба білуі қажет. Ал газет журналисінің мақалалары он- сыз да басы-аяғы бүтін жұмыр күйінде жазылады. Айқындық, лид түрлері, цита- таларды қолдану, ақпараттың объективтілігі мен нақтылығы эфирлік медиамен қатар, баспасөзге де қатысты қолданылады. Журналист репортаж ұсынылуға тиіс мерзімнің қосымша факторларын, визуалды әрі аудиоматериалдарды және диктордың тұлғалық кейпін қаперде ұстауы керек. Бүгінде жас журналистердің басым көпшілігі орта мектепті бітірер уақытқа дейін 12 жыл бойы баспасөз беттеріне мақала жазып, әдебиеттер оқиды. Алайда олардың жазу дағдысын үйрену немесе электронды медианы түсініп-тануда бі- лімдері таяз, яғни ресми түрде оқытылмайды да. Жас журналистер интернетті бейресми түрде кеңінен пайдалану арқылы шыныққанымен, олардың бірен-са- ранында ғана онлайн режимдегі жаңалықтарды кәсіби әрі сапалы етіп жазуда ресми дайындығы немесе тәжірибесі бар. Журналистің дені, журналистік мәтін баспасөзге жазылғандай болсын деп ойласа керек. Бұл кітап – баспасөз, визуал-

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==