Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

Ә детте жазушы/қаламгер жазу үшін қалам, қарындаш, жазу машинкасы және компьютер секілді асай-мүсейімен кабинетінде оқшау қалады. Әйт- се де әр сөзді, әрбір бейнені қалыптағанда сан мыңдаған тіпті миллион- даған көрермен мен тыңдарманды қаперінде ұстайды. Масс медиум үшін жазу дегеніміз – қалың бұқара үшін жазуды білдіреді. Сіз ұсынатын дүниеде сол ауди- торияның болмыс-бітімі басты назарда тұрсын! Миллиондаған адам сіз жазған дүниені жеке-дара немесе кішігірім топта та- машалайды. Мәселен, бір отбасы төрүйде, кей жасөспірім мектеп ауласында, студенттер жатақхананың ортақ залында, кей адам автобуста не метрода, ал са- пардағы жолаушы көлікте көреді. Әлдебіреу iPod секілді шап-шағын әрі мобиль- ді құрылғылар арқылы кез келген жерден өзіңізбен байланыса алады. Интернет аудиториясы тұлғалануы (индивидуалдық) былай тұрсын, белгіленген уақытқа байланбайтын болды. Бір адам компьютерге немесе гаджетке жападан-жалғыз жармасып отырады. Бәлкім, сіздің жазғаныңызды дүниежүзінде миллиондаған адам бір уақытта естіп, көріп біледі. Сіз жеке адамға (тұлғаға) немесе ортақ көз- қарасты қауымға, мүмкін, көзқарасы азды-көпті үйлесетін жалпы жұртқа арнап жазған шығарсыз. Әсіресе мұндай аудиторияның көңілдегісін тап басу қиынға түседі, себебі бұл «ноқталы» (captive) аудитория емес. Телевизия, радио және киберкеңістікте тара- латын хабардың көбісі тегін. Көрермен театрға не болмаса кинотеатрға ақша тө- леп кіргендіктен, ол зеріктірмесе не көңілі қалмаса аяқасты шала бүлініп шығып кете қоймайды. Ал теледидар, радио немесе интернет аудиториясы көріп-тыңдап отырған дүниесін оп-оңай ауыстырып, көңілінің қошына қарай ақтарады. Қойылымға немесе киноға баратын адам күні бұрын көруге ниеттенген туын- дысы жайында мамандар пікірін оқып немесе жарнама арқылы құлағдар бола- ды. Кейбір телевизия көрермені арнайы шоуларды мұқият таңдағанымен жал- пы көпшілік үйреншікті болған нақты бағдарламаларды (кешкі сериалдар, от- басылық ситкомдар, полиция хабарлары, реалити-шоулар, кино арналары т.б.), жергілікті ақпарат пен жаңалықтар шығарылымын тамашалайды. Көрген хаба- рында іліп алар қызықты мәйек болмаса басқа арнаға ауыстырады, мазмұнына мән берместен үзіп-үзіп құлықсыз қарайды. Өкінішке қарай, интернет желісі мен арналардың көзқарасы жарнама берушімен үйлеседі. Радио тыңдарманы да Масс медиа ТАРАУ 1 16

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==