Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
5-ТАРАУ 168 Шағын станциялардың өз алдына жаңалық қосыны жоқ, сол себепті қолда бар қызметкер жаңалықтар әзірлеумен айналысады. Әдетте бұл міндет бұрындары жаңалық әзірлеудің басы-қасында жүрген, бірақ қазір радиода өзге қызметті ат- қарып жүрген адамға жүктеледі. Ал егер сол станцияда дыбыс режиссерлеріне арналған департамент болса, кеңседе отыратын қаламгер немесе сценарий ав- торлары жергілікті жаңалықтардың репортажын әзірлеумен айналысады. Ра- диодағы эфир жүргізетін журналистерден, яғни дижей немесе басты диктордан жаңалықтар дайындап, оны эфирде ұсынуын сұрауы мүмкін. Әдетте қаламгер жаңалықты бір немесе екі минуттық үзіліс аралығында дайындап үлгеруі қажет. Кей жағдайда мұны радиодағы қаламгер жазып береді, ал басқа жағдайда эфир- ді тізгіндеп отырған адам жаңалықтар бөлімінің соңғы көшірмесін сәл түзеп не болмаса еш өңдеусіз оқып бере салады. Қорыта айтқанда, ең лайықты жаңалықтар дереккөзі – қаламгердің/тілшінің өзі. Мүмкіндігінше қаламгер/тілші оқиғаны тікелей зерттеп шығуға тиіс. Тіпті репортаж тікелей эфирден берілмесе де, мұнда тікелей эфирде хабар тарата- тын қаламгер/тілшінің шапшаңдығы байқалуы керек. Дегенмен көбінесе тілші оқиға біткен соң келеді, мұндайда алдын ала жоспарланбаған оқиға болады не болмаса күтпеген оқиға орын алған кезде, тілші жағымды жайтқа қатысы бар жерде жүреді. Мұндай жағдай жаңалықтарды тікелей эфирде тарату ісін да- мытуға түрткі болады. 1937 жылы Чикагодағы WLS радиостанциясының тілшісі Херб Моррисон Нью-Жерси штатындағы Лейкхерст базасында немістер ойлап тапқан Гиденбург дирижаблін қондыру кезінде жаңа дискілерді түсіріп алу үшін жаңа машинаны тестілеуден өткізген болатын. Ол уақытта қазіргі қолданыста- ғы портативті магнитофон жоқ болатын. Әлгі Гиденбург күтпеген жерден отқа оранды. Сол уақытта Моррисонның еңіреп айтқан, бүгінде күллі әлемге кеңінен тарап кеткен «Бұл – әлемдегі ең алапат апаттардың бірі. О, адамзат...» сөйлемі диск жазбасынан алынып, келесі күні үш бірдей арнадан таратылды. Осылайша түсірілімдер арқылы оқиға орнынан тікелей эфирде жаңалықтар таратудың бә- секесін күшейтті. Репортер оқиға орнына келе алмаған жағдайда, куәгер болған адамдардан ақ- парат жинап, кез келген ұзақтықта видео, режиссерге оңтайлы пландар түсіріп, сонымен қатар оқиғаға қатысы бар кез келген адамнан мән-жайды біліп алғаны дұрыс. Кейбір кездері, мысалы, радиодан өрт, бомбалау, фестивальға қатысты жаңалықтар трансляциясын сапалы қалыпта ұсыну үшін артқы фонда оқиға ошағынан жазылған шулы дыбыстарды қосқан жөн. Репортажды толық, мұқият және қызықты ететін басқа дереккөз ретінде ды- быстық, визуалды және баспа түріндегі дайын материалдар да жарай береді. Стиль Жаңалық қаламгері немесе тілшінің басты міндеті – ақпаратты жеткізу. Жа- ңалық ұсынудағы негізгі қағидалардың радио, телевизия, интернетпен қатар баспасөз медиасына да қатысы бар. Дегенмен әрқайсысына тән алшақтық бар. Мысалы, дәстүрлі бес сұрақтың (кім, не, қашан, қайда, сонымен қатар мүмкін болса, неліктен) жауабы газет мақаласының ылғи да басында немесе лид ішінде кірістіріледі. Біршама жаңалық әзірлеушілер дәл осы тәсілді телевизия немесе радио репортажына қолдану керектігін алға тартады. Өзгелері шектен тыс көп ақпаратты лидқа тықпалай берудің қажеті жоқ екенін ескертеді, себебі қысқа уа- қыт ішіндегі ақпараттың тым көптігі аудиторияны жаңылыстырып жіберуі мүм-
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==