Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
167 Жаңалықтар мен спорт бағдарламасы Қосымша ақпаратты қоңырау шалу, интернеттен іздеу не болмаса жаңалық жи- настыру орнынан өз бетіңізбен (уақытыңыз жеткілікті болса) ала аласыз. Аудиторияның «кім, не, қашан, қайда, қалай және неліктен» деген бес сұра- ғына жауап ұсынылуға тиіс, сапалы ақпарат материалдары қамтылған оқиғалар легін «толық репортаж» деп атауға болады. Мысалы, сіз қандай оқиға екенін, қа- шан, қайда және кіммен болғанын білесіз делік, алайда оқиғаның неліктен орын алғанын әлі білмейсіз және мұны анықтай түсуіңіз керек. Ақпарат шеңберіне сыймайтын оқиғаның салдары бар деп тапсаңыз, сол оқиғаның анық-қанығын зерттеп шыққаныңыз абзал. Сонымен қатар оның алдындағы оқиғада қамтылған бес сұрақтың ішінен орындысын қоссаңыз тіпті жақсы. Болашақта ағымдағы жа- ңалық үшін маңызы бар қандай да бір материалды тауып алсаңыз, оны да қосу артық болмайды. Материалдың өзге дереккөзі ретінде өзіңіз еңбек ететін ұйымның меншігіндегі репортаждардың күллі мұрағатын айтуға болады. Бұл мұрағат тақырып пен тұл- ға бойынша бөлек-бөлек жиналған газет тігіндісі іспетті. Электронды мұрағатта қайтадан пайдалануға болатын аудио немесе видеоматериал болады. Оқиғаның мән-мағынасына қатысы бар дәнеңе де жоқ болса, видео немесе аудиожазбалар қоры кәдеге жарап қалады. Қордағы кез келген материалдың ескі немесе қазіргі сәтке орайласпайтынын естен шығармаңыз; аудиторияны жаңылыстырмаңыз. Көптеген радиостанция, тіпті кейбір телестанция жергілікті газеттердегі ма- қала қиындыларын жаңалық ретінде ұсынды. Жаңалықтарды баспасөз мақала- сынан алып, оларды эфирге бейімдеп бергіңіз келсе, эфир арқылы және дәстүр- лі медиада таратылатын жаңалықтардың арасында айтарлықтай айырмашылық бар екенін жадыңызда сақтаңыз. Эфир арқылы таралатын жаңалықтардың жазу стильдері мен тәсілдері осы тарауда талқыланады. Қолыңызда жаңалық жазушы журналистерге жиі көмектесетін кітаптар, атап айтсақ, энциклопедия, әлемдік атлас және тарихи кітаптар, соның ішінде өз аймағыңызға, мемлекетіңізге және елді мекеніңізге қатысы бар кітаптар бол- сын. Қаланың бәрінде сол шаһардағы басқармалар мен офистер туралы ақпарат қамтылған анықтамалық кітапшалар болады. Көп қаладағы әлеуметтік қызмет агенттіктері күллі әлеуметтік кеңселер мен атқаратын қызметтері туралы анық- тамалық дайындайды, сол тізімге үкіметтік емес ұйымдар да кіреді. Статисти- калық мәлімет, соның ішінде демографика қамтылған анықтамалық немесе монография әзірлеп шығару, көп мемлекетке тән дүние. Әдетте қалалық сауда палатасы бизнестегі ұйымдар, компаниялар және олардың қызметтері туралы, сонымен қоса сатылымдары, кірісі мен жарнамаға жұмсалған шығындары тура- лы қаржылық мәліметтер қамтылатын анықтамалық жариялайды. Көбінесе бір тақырып төңірегіндегі мәліметті интернет кеңістігінен іздеу арқылы уақыт пен күш-жігеріңізді үнемдей аласыз. Дегенмен Wikipedia секілді киберкеңістіктен та- былатын ақпараттың көбісі шындыққа жанаспауы әбден мүмкін екені ойыңызда болсын. Ақпарат агенттіктерінің біршамасы радио және телевизияға өз қызметте- рін ұсынады. Олардың қатарына Associated Press (AP), Reuters, British Broadcasting Corporation (BBC), Worldwide Television News (WTN) және Cable News Network (CNN) агенттіктерін жатқызуға болады. Бұдан да үлкен желілердің өз алдына жеке жа- ңалық қосындары бар. Бірқатар ұйым телевизияға арнайы жаңалықтарға жа- рамды материалдарды, әсіресе көрнекі материалдарды ұсынып отырады. Теле- визия мен радиостанциялардың барлығы дерлік кемі бір ақпарат агенттігімен қоян-қолтық араласады. MS және MS NBC – жеке-дара екі интернет дереккөзі.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==