Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
5-ТАРАУ 166 лидті ойын біткен соң жазатын. Сонымен қатар редакцияға немесе станцияның студиясына барар жолда жұмысын уақытында аяқтау үшін өзгерістер мен түзе- тулерді қаламмен енгізетін. Бұл кітапта журналистің жаңа медиақұрылғыларға қатынасы жиі сипатталады. Бұл мәліметтерді есепке ала жүріңіз. Ұялы телефондар, смартфондар және iPhone секілді ықшамды құрылғылар- дың дамуы және өсуіне, әрі киберкеңістік байланыстардың кеңінен таралуына орай, дербес журналистиканың жаңа формасы пайда болды. Блог, туит жазу және YouTube секілді сайт көмегімен әлемнің әр бұрышындағы кез келген адам миллиондаған көрермен, оқырман және тыңдарман үшін жаңалық болуға тұ- рарлық оқиғаларды бір демде жібере алады. Көп мемлекетте үкімет тыйым са- лады немесе цензура бар жерде журналистердің жаңалықтары діттеген жеріне жетпей, жарыққа шықпай қалады. Мәселен, Иран шетелдік тілшілерге және бұрмаланған президенттік сайлауға қарсы шыққан наразылық білдірушілерге үкіметтің қолданған қатаң шаралары туралы қандай да бір хабар таратуға тыйым салды. Жекелеген туитшілер мен телефон пайдаланушылар бұл елдегі жаппай қысымның қатыгездігін, сонымен қоса ел тұрғындарының наразылығын жария- лады. Дегенмен жаңа технологиялар кәсіби журналист әзірлейтін репортаждың орнын еш баса алмайды, олар тілші жете алмай жатқан мекеннен ақпарат алуға жағдай жасайды. Кәсіби репортаж дайындауға тыйым салынған жерден ақпарат алу үшін әлеуметтік желілер пайдаланылады. Сонымен қатар кәсіби журналис- тер өз репортажын жедел жеткізу үшін дәстүрлі жолдан гөрі Twitter -ге жүгіне- ді, телефонмен мәтіндік хабар жібереді, iPhone -ның визуалды эффектілеріне ден қояды. Әлемнің әр қиырында журналистердің өлімі мен қамауға алынуын ескер- сек, аталмыш құрылғылар журналист қауіп-қатерге ұшыраған жағдайда, оның қайда екенін анықтауға көмектеседі, осылайша қауіпсіздікті арттыра түседі. Ақпарат дереккөздері Жаңалықтардың негізгі дереккөзі – тілші-қаламгер. Тілші дегенің – мәлімет теретін ақпарат жинаушы (news-gatherer) адам, бірақ сол ақпаратты ұқсатып жазбайды не эфирге алып шықпайды. Ал қаламгер (сценарий авторы) – ақпа- ратты алып іске кірісетін, сосын эфир жүргізушілеріне бейімдеп қайта жазып шығатын адам. Кейде эфирдегі дикторлар, соның ішінде шағын радиостанция- лар мен интернет сайттардың эфиріндегі журналистер репортажды өздері әзір- леп, тіпті мәтіндеріне дейін жазады. Кейбір кездері жергілікті медиа полиция бөлімшесіне хабарласқан азаматтан, бақылаушы тұрғыннан, қылмыс немесе өрттің болғанын хабарлайтын полиция мен өрт басқармасынан, баспасөз агент- тіктері мен PR-агенттерден, кәсіпорындар мен ұйымдардың промоушнынан не жарнама кеңселері секілді дереккөздерден ақпарат алады. Қызықты саналатын оқиға, ақы төлеуге тұратын кез келген ақпарат дереккөз есебінде жарай береді. Тілші араласпаған мұндай дереккөздерден сценарий алғанда, материалдың дұ- рыс-бұрыстығын және дереккөздің нақтылығын бағалауда өте абай болған жөн. Әрине, егер материал радиодан, телеарнадан немесе жаңалықтар бөлімінде қызмет ететін репортерден келіп түссе, онда әріптесіңіздің материал жинасты- руда жан-жақты және ұқыпты екенін біліп тұрасыз. Егер жинақталған материал сценарий қалыбына түсірілмесе (визуалды және аудио мәліметтерімен бірге), қанағаттанарлық сюжет ұсыну үшін жеткіліксіз болса, материалдың объектив- тілігі мен шынайылығына қатысты қандай да бір сұрақтарыңыз болса, сіз немесе басқа автор қосымша зерттеу, тексеріс жүргізіп, қосалқы жазба қосуы мүмкін.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==